13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте қоғамдық көлік қызметі бойынша электрондық база құру туралы шешім қабылданды

27 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте қоғамдық көлік қызметі бойынша электрондық база құру туралы шешім қабылданды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Шымкент қаласының қоғамдық көлік қызметі бойынша электрондық база құру туралы шешім қабылданды.

Бұл ақпараттық база мемлекеттік органдардың, көлік компанияларының Шымкент қаласы тұрғындарымен өзара әрекеттесетін электрондық-ақпараттық инфрақұрылымның өзіндік жүйе құраушы элементі болып саналады.

Жобаның негізгі мақсаттары:

— қала тұрғындары үшін ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, сондай-ақ, қала тұрғындары үшін көлік ұйымдары ұсынатын интерактивті қызметтерді көрсетуге арналған мамандандырылған ақпараттық жүйені құру.

— қала тұрғындарын қоғамдық көлік бағыттары, сондай-ақ, жүргізушілердің деректері, көлік компаниялары ұсынатын қызметтердегі жүйеішілік өзгерістер туралы хабардар етуді қамтамасыз ету.

— көлік ұйымдарының жеке және заңды тұлғалармен өзара әрекеттесу тиімділігін арттыруға көмектесу.

— ақпарат алмасу және тарату жеделдігі, Шымкент қаласы тұрғындарының хабардар болу деңгейінің өсуі есебінен көлік ұйымдары қызметінің сапасы мен тиімділігін арттыруға жәрдемдесу.

Жобаның міндеттері:

— жобаның негізгі және бірінші кезектегі міндеті-жұмысқа орналастырудың ашық жүйесін құру және жүргізушілердің кәсіби дағдыларын жақсарту.

— қала тұрғындарының шағымдары мен ұсыныстарына жедел жауап қайтару.

— көлік компаниялары ұсынатын қызметтердің сапасын арттыру.

— ұсынылатын көлік бағыттарына сұранысты мониторингілеу, сондай-ақ қаланың шалғай аудандарына қажетті маршруттарды енгізу мүмкіндіктерін зерттеу.

Жобаның болашағы

Электрондық базаны Шымкент қаласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне біріктіру көзделіп отыр. Жобаның жұмыс істеу реті бойынша бірқатар қосымшалар іске қосылады.

— «ПІКІРЛЕР» қосымшасы. Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлік жүргізушілерінің қызметі, маршруттардың жұмысы туралы пікірлер мен тілектер, қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар қалдыра алады.

— «БІЗДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ» қосымшасы. Бұл қосымша әлеуетті үміткерлерге осы портал арқылы тікелей көлік компанияларына жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді, осылайша жұмысқа орналасу процесінде ашықтық қамтамасыз етіледі.

Аталған жоба көлік компанияларының басшыларына электрондық база арқылы қоғамдық көлік жүргізушілерінің деректерін, оның ішінде жеке деректерін, жұмысын бағалауды, жұмыс тәжірибесін, өндіріп алулар мен айыппұлдарды қарауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жүргізушілердің жұмысы туралы пікір қалдыруға мүмкіндік береді. Осылайша, барлық ақпарат жұмыс берушілер үшін қолжетімді болады. Ол өз кезегінде жолаушыларды тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру процесін оңтайландырады.

Қоғамдық диалог, ашықтық, қала тұрғындарының қажеттіліктеріне жедел жауап қайтару — Шымкент қаласының электрондық қоғамдық көлік порталының басты басымдықтары.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Шымкенттегі психикалық денсаулық орталығында инфекциялық стационар ашылды

Next Post

Қаратау ауданының әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі