13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Мақтаарал, Жетісай аудандарында ағын су мәселесі шешімін табуда

25 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Мақтаарал, Жетісай аудандарында ағын су мәселесі шешімін табуда
34
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ағымдағы жылы Мақтарал, Жетісай аудандарында 135,2 мың га суармалы жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның 77,5 гектарына мақта дақылы егіліп ағын су берілуде. Бір күнде 2 мың га жуық мақта дақылы
суарылса, барлығы 17 мың га жер суарылды. Бүгінгі таңда Мақтаарал ауданының шаруалары 30 пайыз, ал Жетісай ауданының шаруалары 10 пайыз суармалы жерлерін суғарған. Алайда, ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап Өзбекістан Республикасынан мемлекетаралық Достық магистралды каналынан келетін ағын су көлемі азайатындығы күтілуде.
Осыған орай, Жетісай, Мақтарал аудандарының шаруалары келіп жатқан ағын суды тиімді пайдаланып, суғару жұмыстарын қарқынды жүргізуі қажет. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал, Жетісай аудандарына жасаған жұмыс сапарында шаруалармен кездесуінде айтты.

«Ең бастысы — ауызбіршілігіміз. Ауданда ауызбіршілік болса, бір-бірімізді қолдасақ, ақсақалдар бар, белсенділер бар, депутаттар бар, әкімдер бар. Жұмылып, еңбек етпесе,  ешқандай тірлік бітпейді. Біріксе, су да болады,  мақта да болады, күріште де болады,  бәрі де болады»,-деді облыс әкімі кездесу кезінде.

Трансшекаралық Достық магистралды каналымен Мақтаарал, Жетісай аудандарындағы 136 мың гектар суармалы жерлер ағын сумен қамтамасыз етіледі. Шілде айында Ташкент қаласында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Ш. Хамраевпен кездесу өткізген болатын. Кездесу қорытындысымен мемлекетаралық  Достық магистралды каналымен Түркістан облысы Мақтаарал, Жетісай аудандарының шаруаларын ағын сумен қамтамасыз ету үшін су жіберу көлемін 80 м3/с-тан 90 м3/с дейін ұлғайтылды.
Қазіргі таңда, Достық магистралды каналымен 92 м3/сек ағын су берілуде. Сонымен қатар, шаруаларды толығымен ағын сумен қамтамасыз ету үшін Шардара су қоймасынан машиналық әдіспен су көтеру каналы іске қосылып, қосымша 10 м3/сек ағын су берілуде.

Сапар барысында өңір басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты. Облыс әкімі Мақтаарал ауылдық округіндегі жүзім шаруашылығында болды. 60 гектар жерге жайғасқан бақта жүзімнің бірнеше сұрыптары өсіріледі. Облыс әкімі Өркениет елдімекенінде орналасқан «Алмат» шаруа қожалығының мақта және жоңышқа алқабымен танысты. Қожалыққа тиесілі 45 гектар жерге мақта
дақылының әр алуан сорттары мен жоңышқа егілген.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

«Бозарық» қосалқы станциясында қажетті техникалар орнатылды

Next Post

Қаратау ауданындағы тазалық жұмыстары тексерілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі