13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жастарды әскерге шақыру үшін зерделеуде

23 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жастарды әскерге шақыру үшін зерделеуде
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармаларында  2021 жылғы күзгі әскерге шақыру науқаны алдында зерделеу жұмыстары өтуде. Осы күзде аймақта жеті мыңға жуық ер-азаматтарды зерделеу жоспарланған.

Әскерге шақырылушыларды зерделеу ауқымды жұмыс болып табылады және сауалнамалық деректерді нақтылаудан басталады. Одан кейін әрбір әскерге шақырылушымен және оның ата-аналарымен әңгімелесу парақтарын толтыра отырып, зерделеуге жауапты лауазымды адамдардың жеке әңгімелесуі жүргізіледі.

Зерделеу жұмыстары кезінде болашақ Отан қорғаушылардың әскердің қандай түрлері мен тектерінде қызмет өткеруге дайындығын алдын ала анықтауға мүмкіндік береді және болашақ сарбаздардың әскерге шақырылғанға дейін алған мамандықтары міндетті түрде ескеріледі. Сондай-ақ, олардың моральдық және іскерлік қасиеттері, денсаулық жағдайы, дене дамуы, жалпы білімі мен арнайы дайындығы, отбасылық жағдайы туралы ақпарат нақтыланады.

Әскерге шақырылушыларды зерделеу барысында әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар, тергеуде жүргендер, заңсыз қоғамдық бірлестіктердің және дәстүрлі емес діни ағымдардың мүшелері ретінде арнайы есепте тұрғандарға да көңіл бөлінеді.

Бұл шараға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер мен денсаулық сақтау органдарының өкілдері және жергілікті басқару органдарымен  бірлесе жұмыс жүргізіледі.

Айта кетсек, 2021 жылдың көктемінде Шымкенттен әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға заңды құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы жеті жүзден астам азаматтар Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға мерзімді әскери қызметке жіберілген.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентәскер
Previous Post

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай спорт түрлерінен спартакиада өтті

Next Post

Қаратау ауданында санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі