13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өнерлі отбасы — «Мерейлі отбасы» атанды

22 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Өнерлі отбасы — «Мерейлі отбасы» атанды
Share on FacebookShare on Twitter

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы елімізде Тұңғыш Президент– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2013 жылдан бері өткізіліп келеді.

Өкінішке орай, 2020 жылы пандемияға байланысты «Мерейлі отбасы — 2020» ұлттық конкурсы өтпей қалды. Биылғы жылы ұлттық комиссияның бастамасымен «Мерейлі отбасы» байқауы жаңа форматта өткізілді.

Жыл сайын өңірлерден 2 жеңімпаз отбасы анықталып, республикаға жолдама алатын болса, биылғы жылы бір отбасы жолдама алатын болды.

Байқаудың шарты бойынша аудан әкімдіктері мамыр-маусым айларында Шымкент қаласының тұрғындары арасынан Абай ауданы — 31, Әл-Фараби ауданы — 20, Еңбекші ауданы — 20, Қаратау ауданы – 39 барлығы 110 өтініш қабылдады. Бұл 2019 жылмен (31 отбасы)  салыстырғанда 4 есе көп отбасы қатысқандығын көрсетіп отыр.

Шымкентте өткен қалалық кезеңнің тағы бір ерекшелігі байқауға қатысушылар арасында көп балалы және жас отбасылардың саны 2 есе артып отыр.

Анкеталық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша төрт ауданнан 16 отбасы байқаудың екінші қалалық кезеңіне жолдама алған болатын.

Нәтижесінде АЛИЕВТЕР ОТБАСЫ комиссияның шешімімен жеңімпаз деп танылды. Жеңімпазды қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан марапаттап, қала әкімінің алғыс хаты мен 500 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық табыстады.

Алиевтер отбасының үлкені Бачак Алиев — ішкі істер саласының құрметті ардагері. Отбасылық «АБО» түрік ансамбліне жетекшілік етеді. Бүгінде 6 жанұя бір шаңырақ астында күн көруде. Отбасылық өнердің арқасында алыс-жақын шетелге гастрөлмен шығып, танылып үлгерген. Қалада өтетін түрлі мәдени іс-шараларға да белсене ат салысып жүреді.

Өзге де қалалық кезеңге өткен барлық отбасыға Шымкент қаласы әкімінің арнайы алғыс хаты және бағалы сыйлықтар берілді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: Шымкент
Previous Post

Шымкентте «Жастар-Отанға» партиялық жобасы аясында студенттерге арналған заманауи жатақхана бой көтеруде

Next Post

Шымкентте бір тәулікте 7 238 адам екпе алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі