13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Төлем қабілеттілігі банкпен расталған азаматтар тұрғын үй сертификатына өтінім жібере алады

16 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Төлем қабілеттілігі банкпен расталған азаматтар тұрғын үй сертификатына өтінім жібере алады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында биыл тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау шілде айының 26 жұлдызынан  басталады. Сонымен қатар, тұрғын үй сертификатына құжаттарды қабылдау онлайн жүйеде жүзеге асырылмақ.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиелік бағытта баспаналы болуға ниет білдірген азамат төлем қабілеттілігін растау туралы банктің хаты  және  соңғы 6 айда отбасының жиынтық табысы шекті мөлшерден аспаған жағдайда (оның әрбір мүшесіне шаққанда 106336,2 теңгеден аспаса) тұрғын үй сертификатына өтінім жібере алады.

Осы жерде айта кететін жәйт, отбасының жиынтық табысы ретінде — отбасы мүшелерінің расталған кіріс табысы есептеледі.

Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие  негізінде  «2-10-20», «5-10-20», «5-20-25» және «7-20-25»  бағыттары бойынша тұрғын үй алуды көздеген, тұрғын үй сертификаттарын алу талаптарына сай  келетін әрбір азаматқа 1 миллион теңгеге дейін мөлшерде мемлекет тарапынан  бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін жабу үшін ұсынылатын әлеуметтік көмек ретінде беріледі.

Айта кету керек, тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдауға арналған «www.кezekte.kz» интернет ресурсы шілде айының 26-нан бастап автоматты түрде іске  қосылады. Аталған интернет портал іске қосылғанға дейін өтінім қабылдау жүргізілмейді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте тағы 100 орындық ковидті стационар ашылды

Next Post

Шымкенттегі 65 қонақ үйде «Еqonaq» жүйесі іске қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі