13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 20 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған

16 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 20 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін тұрғындарды толғандырған жұмыспен қамту, әлеуметтік және тұрғын үй мәселелері қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтің онлайн қабылдауында басты назарға алынды. Қала басшысының орынбасары бұл жолғы қабылдауында 20-ға жуық азаматтың өтінішін тыңдады. Әр тұрғынның мәселесі мұқият қарастырылып, заң аясында шешу жолдары түсіндірілді.

Алдымен жұмысқа орналасуына өтінішін жеткізген тұрғындардың бірі Перизат Күдірбекова болды.

-Сіздерге үлкен алғысымды білдіремін. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, барынша қолдау көрсетудесіздер. Сіздерден атаулы әлеуметтік көмек немесе баспана беріңіздер деп сұрап отырғаным жоқ. Тек ешкімге алақан жаймай, табысым жеткілікті болатындай жұмыспен қамтуларыңызды сұраймын. Мамандығым тарих пәнінің мұғалімі,-деді ол. Ерғали Дәулетбекұлы өз кезегінде тиісті басқарма басшылығына қала тұрғынын жұмыспен қамту мәселесін бақылауға алуды тапсырды.

Айта кету керек, биыл Шымкент қаласында 21 841 азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып отыр. Бүгінгі таңға оның 12 мыңнан астамы қамтылған.

Жалпы жұмыссыздықпен күрес және халықтың әл-ауқатын арттыру шарасы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков тұрғындарды жеке мәселелерімен алдын-ала жазылу бойынша аптаның бейсенбі және жұма күндері қабылдайды. Карантин талаптарына сәйкес қабылдау онлайн түрде жүргізіледі.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Шымкентте «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 66 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылды

Next Post

Шымкентте 114 спортшыға арнайы спорттық дәрежелері берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі