13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент қайырымдылық жасаудан екінші орында келеді

16 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент қайырымдылық жасаудан екінші орында келеді
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясындағы іс-шаралар үшінші мегаполисте кешенді жоспарға сай жүзеге асырылуда. Кешенді жоспарды қала әкімі Мұрат Әйтенов бекіткен.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте айтылды.

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Бексұлтан Әділхановтың айтуынша, тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында жыл басынан бері әр айға бөлек атау беріліп, кең көлемде аталып келеді.

— Кешенді жоспар 109 тармақтан тұрады. Жыл басынан бері 100-ден аса іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде ең бастылары — ресми түрде ашылған Shymqala этноқалашығы, елімізде ең алғаш болып Шымкентте өткізілген «Жастар лигасы» спорт сайысын, Әз-Наурыз мерекесін әр күнін өз атауымен 10 күн бойы атап өтуді, жаңарған 3 кітапхананың ашылуын, Елорда күні қарсаңында 11 инвестициялық жобаның іске қосылуын айтуға болады, — деді Бексұлтан Ержанұлы.

Мерекелік іс-шаралар екінші жартыжылдықта да жоспарға сай өткізіледі. Атап айтқанда Отбасы күніне орай мерейлі отбасылар слеті ұйымдастырылып, 7 жаңа өндіріс орнын ашу, кітапхана және 4 мектепті ел игілігіне беру, 2400-ден аса пәтер кілтін табыстау жоспарлануда.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Қаратау ауданындағы 155 көшеге жаңа атау берілді

Next Post

Шымкентте «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 66 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі