13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте коммуналдық инфрақұрылым мәселесі шешіліп келеді

15 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте коммуналдық инфрақұрылым мәселесі шешіліп келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте алғашқы жартыжылдықта экономиканың базалық секторлары бойынша тұрақты өсім қамтамасыз етілді. Қала экономикасының қуат алуы ішкі резервімізді жүйелеп, инфрақұрылымдық жобаларды табысты іске асыруға мүмкіндік берді.

Қазіргі кезде қаладағы 81 шағынаудан мен тұрғын алаптың ішінде 5 елді мекен ауыз су жүйелерімен жартылай қамтылған болса, 7 елді мекеннің тұрғындары – ауыз су тасымалына тәуелді болып отыр. Биыл ауыз сумен қамту бойынша 16 млрд теңгеге 14 жобаның құрылысы басталды. Оның ішінде ауыз су тасымалына тәуелді болып отырған 7 елді мекеннің тұрғындары мен су жүйелерімен жартылай қамтылған 2 елді мекенге су жеткізетін 3 магистралды жүйелердің және 11 елді мекенде ішкі орамдық су жүйелерінің құрылыстары жүргізілуде.

Кәріз жүйелері бойынша 7 млрд теңгеге 13 нысанның құрылыстары қолға алынды. Оның ішінде 3 магистралды және 10 ішкі орамдық кәріз жүйелері салынып, орталықтандырылған кәріз жүйелерімен қамтылған тұрғындар үлесі 54 пайызға жетпек.

Сапалы электр энергиясымен қамтуда биылғы жылы 9,6 млрд теңгеге 14 нысанның құрылысы басталды. Электр желілерін жаңарту жұмыстары ең алдымен электр энергиясының сапасы төмен болып отырған 16 елді мекенді қамтиды.

Бүгінгі таңда қалада 33 елді мекеннің тұрғындары табиғи газбен жартылай қамтылған болса, 8 елді мекенге газ жүйелері тартылмаған. Биылғы жылы халықты газбен қамту саласына 6,2 млрд теңге қаралып, 18 нысанның құрылысы басталды. Нәтижесінде газ тарату станциясы іске қосылып, 11 мыңға жуық тұрғын газ жүйелерімен қамтылмақ. Жыл соңына дейін қала тұрғындарын газбен қамту көрсеткішін 93 пайызға жеткізу көзделген.

Көлік инфрақұрылымын дамыту міндеттері шеңберінде биылғы жылы 163 көшені күрделі және орташа жөндеуден өткізу жұмыстары басталды. Қаладағы басты транспорттық артерия – Д.Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары қарқынды түрде іске асырылуда. Ұзындығы 31,6 шақырымды құрайтын А-2 автомагистралі қайта құрылымдаудан өткізіліп отырса, оңтүстік және шығыс айналма жолдарының және 2 жолайырықтың құрылыстары жүргізілуде.

Бұл жұмыстардың барлығы қаланың коммуналдық инфрақұрылымының сапасын мақсат тұтып, көлік инфрақұрылымын дамытуға серпін бермек.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Жерасты және жерүсті өткелдеріне аптасына екі рет тазалық жұмыстары жүргізіледі

Next Post

Шымкенттен шалғайда орналасқан аумақтарда 12 дәрігерлік амбулатория салынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі