13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік спортшылар ҚР чемпионаттары мен кубоктарынан 364 алтын, 260 күміс, 312 қола жүлде жеңіп алды

15 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік спортшылар ҚР чемпионаттары мен кубоктарынан 364 алтын, 260 күміс, 312 қола жүлде жеңіп алды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев қала әкімдігінің «Instagram» парақшасында өткен тікелей эфирде алты айда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, тұрғындар сауалына жауап берді.

Басқарма басшысының айтуынша, 2021 жылдың 6 айында қалада дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 340305 адам немесе қала тұрғындарының жалпы санынан 31,2 %-ын құрады.

Жыл басынан бері қала аумағында спорт алаңшалары жоқ тұрғын алаптар мен шағынаудандарда спорт алаңшаларын салу үшін жалпы 115 жер телімі қарастырылды. Әл-Фараби ауданында орналасқан 7 жер телімге «Shymkent Plaza» сауда, ойын-сауық орталығының демеушілігімен спорт алаңшаларының құрылысын жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта 3 спорт алаңшаның құрылысы басталды.

Сонымен қатар, «Евразийская группа» ЖШС демеушілігімен 7 жер телімге спорт алаңшалардың құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 4 спорт алаңшаның құрылысы басталды.

Әр төрт жылда бір рет өтетін Қазақстан Республикасының V Жастар спорттық Ойындарында Шымкент қаласының құрама командасы 882 ұпаймен жалпы командалық есепте 3-орында келеді. Жарыстың қорытындысы биыл тамыз айында анықталады.

Сондай-ақ, қала спортшылары ҚР чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктерге қатысып, 364 алтын, 260 күміс, 312 қола жүлде жеңіп алды. Азия чемпионаттары мен кубоктарында қала спортшылары 5 алтын, 7 күміс, 4 қола медальге қол жеткізсе, әлем чемпионаттары мен кубоктарында 4 алтын, 6 күміс және 12 қола медальге ие болды.

2021 жылдың 6 айында 4 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 98 — Қазақстан Республикасының спорт шебері, 140 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

Басқарма басшысы тұрғындардың бұқаралық спортқа қолжетімділікті арттыру, спорт алаңшаларының құрылысы бойынша сауалдарына жауап берді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Биыл «Шаңырақ» бағыты бойынша тұрғын үй кезегіндегі 1728 азамат несиелік баспанаға қол жеткізеді

Next Post

Шымкентте биыл 9 елді мекеннің ауыз су мәселесі шешіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі