13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттегі әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығы жаңа медициналық құралдармен толықты

13 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттегі әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығы жаңа медициналық құралдармен толықты
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында жарықпен емдеу тәсілі іске қосылды. Орталыққа жаңадан сатып алынған «Биоптрон» медициналық құралының көмегімен қызмет алушылар арасында тыныс алу мүшелері мен буын, бұлшық еттердің ауруларын емдеу мүмкін болып отыр.

«Орталықтың медициналық аппаратпен қамтамасыз етілуі емдік шараларын жүргізуде үлкен көмегін тигізіп отыр. Мәселен, жарықпен емдеу әдісі қауіпсіз әрі зат алмасу процестерін қалыпқа келтіреді, жаралардың жазылуын жеделдетеді, иммундық жүйені нығайтады, микроциркуляцияны жақсартады және ауырсыну қарқындылығын азайтады. Орталықта оған қоса стоматологиялық кабинеттің арнайы құрал-жабдықтары жаңартылып, жоғары сапалы деңгейде тіс ауруларын емдеудеміз»,-дейді әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының дәрігері Е.Байғұтова.

Жалпы, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №6 орталық жеке күтім және бақылауды қажет ететін 3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға 8 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда 135 балаға тәулік бойы тұрақты стационар жағдайында және 95 балаға жартылай стационарда қызмет көрсетілуде.

Медициналық қызмет көрсетуден бөлек, емдік массаж, физиотерапиялық ем, психологиялық көмек, монтессори әдісі қолданылып, қызмет алушы әрбір балаға әлеуметтік-оңалту шаралары жүргізіледе. Мүмкіндігі шектеулі балаларға емдік шараларын көрсету мақсатында орталық жыл соңына дейін қосымша 12 медициналық аппаратпен қамтылатын болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Түркістан: Депутаттардың белсенділігі арта түсті

Next Post

Биыл Әл-Фараби ауданында 22 көше жарықтандырылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі