13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда көпфункционалды экобазар іске қосылады

8 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістанда көпфункционалды экобазар іске қосылады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында азық-түліктерді тауар өндірушілерден тікелей сөрелерге жеткізуге болатын экобазар іске қосылмақ. Экобазар – дәстүрлі ауылшаруашылық нарығының және заманауи сауда орталығының ерекшеліктерін біріктіретін жаңа форматтағы фермерлер базары болады. Сондай-ақ, көпфункционалды сауда орнында балаларға арналған ойын-сауық орталығы, банктер, фуд-корттар, санитарлық қызмет орындары сынды тұрғындардың өмірі мен денсаулығына, еңбек етуіне қолайлы орындар салынады.

Көлемі 14 га жерге орналасқан сауда-саттық нысанында 3000-ға жуық сауда орындары болады. Оның ішінде 900 орын — азық-түлікке, 1500 орын — киім-кешекке, 500 орын — тұрмыстық тұтыну тауарларына арнайы жабдықталып, сонымен қатар, жиһаздарға 1000 шаршы метр орын дайындалады. Базарда кәсіпкерлердің шетелмен байланыс орнатуы үшін арнайы кеңсе ашылып, онда заңгерлер, аудиторлар, мамандар жұмыс атқаратын болады.

Заманауи базарда жазда салқын, қыста жылы температуралық режим қамтамасыз етіледі. Базардың төбесі жабық, жеңіл автокөліктер мен жүк автокөліктерінің еркін кіріп шығуына арналған жолдар ашылып, автотұрақтар ұйымдастырылады. Бұл диқандардың өздері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін жылдам өткізуге, азық-түліктің сапасын сақтауға, тасымалдау мәселесінде шығынды азайтуға өте қолайлы.

Базарда сауда орындарынан бөлек тоңазытқыш орнатылған 200 қойма орындары болады. Соның арқасында, күзде жинаған өнімді келесі маусымға дейін халыққа арзан бағамен сатуға мүмкіндік туады. Базарда халыққа тиімді бағада азық-түлік ұсынуды қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне облыс әкімдігі мен «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен 2-3%-бен жеңілдетілген несие беріледі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Түркістанда 6 баланың анасы үшем босанды

Next Post

Британдық олимпиададан Түркістандық оқушылар 19 жүлдеге ие болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі