13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Сауран ауданында Елбасы еккен жеміс ағашы мәуелі баққа айналды

8 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Сауран ауданында Елбасы еккен жеміс ағашы мәуелі баққа айналды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Сауран ауданы Ескі Иқан ауылдық округінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы мен Елорда күніне орай, «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» атындағы бау ашылды. Шараға аудан әкімі Ғани Рысбеков, аудандық мәслихат хатшысы Мейрамбек Күнпейісов, Ескі Иқан ауылдық округі ардагерлер кеңесінің мүшесі Әймиддин Әбубәкірұлы мен ауыл тұрғындары қатысты.

1995 жылы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Түркістандағы ресми сапары кезінде Ескі Иқандағы «Ұлы қақпа» кешенінің аймағына өз қолымен жеміс ағашын отырғызған болатын. Бүгінгі таңда Елбасымыз еккен жеміс ағашы жайқалып өсіп, үлкен бауға айналды. Ескі Иқан ауылдық округінің бұрынғы әкімі, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Даныш Маннатов және Маннатовтар әулеті Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан мен Жібек жолы ауылдық округтерінде 7 бау отырғызған. Солардың бірі алғашқы ағашын Елбасы өз қолымен отырғызған «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» бауы.

Шарада сөз сөйлеген Сауран ауданының әкімі ауыл тұрғындарын Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен және Елорда күнімен құттықтап, Елбасы алғашқы жеміс ағашын отырғызған жасыл баудың мәңгілік жайқалуын тіледі. Баудың ашылу рәсімінің соңында Елбасының 1995 жылғы ресми сапары мен өрік ағашын отырғызып жатқан сәтінен видеокөріністер көрсетіліп, шараның соңы әсем ән мен бүлдіршіндердің биіне ұласты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТуркестанская областьТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан: Түлкібастық түлектер ауылға стела орнатты

Next Post

Түркістанда 6 баланың анасы үшем босанды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі