13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Әскери ардагерлерге құрмет көрсетілді

8 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Әскери ардагерлерге құрмет көрсетілді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы «Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 10 жыл толуына орай салтанатты шара өтті.

Аталмыш шара «Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы запастағы подполковник Б.Т.Алдабергеновтың бастамасымен жүзеге асты. Сонымен қатар, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамы және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының мүшелері осы шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.

Жиын барысында бірнеше ардагерлерге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, ҚР ҚК Бас штабы бастығының алғыс хаты табысталды. Сондай-ақ, мерекелік медальдармен Құрмет грамоталары табыс етілді.

“Ардагерлеріміз зейнетте жүрсе де, Қарулы Күштердің дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосып, әскери ардагерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауда. Жастарымызға патриоттық тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп келеді. Ардагерлерге құрмет көрсету біздің және өскелең ұрпақтың міндеті, — дейді филиалдың төрағасы, Б. Алдабергенов.

Шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Рашид Аюпов Отан алдындағы азаматтық борышына адал болған азаматтарға қандай құрмет көрсетілсе де жарасатынын айтты.

Шара соңы Түркістан мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Жалпы, бүгінгі таңда облыста 300-ге жуық әскери ардагер бар.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТуркестанская областьТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Қазақ зиялылары Түркістанның дамуын жоғары бағалады

Next Post

Түркістан: Түлкібастық түлектер ауылға стела орнатты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі