13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Талғамы биік, тарихы терең — қазақ театры!

7 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Талғамы биік, тарихы терең — қазақ театры!
24
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының кезекті 87 – театр маусымы қазақ вальсінің падишасы Шәмші Қалдаяқовтың өмірі жайлы И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалық драмасымен жабылды. Көрермен дән риза, ықыласы ерекше болды. Олай болса театрдың жыл басынан бері көрермен көзайымына айналған қойылымдарына көз жүгіртейік!

87 – театр маусымы «Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында «Аманат» толғауының премьерасымен ашылып, көп ұзамай қоғам дерті – сыбайлас жемқорлық жайында С.Қасымбектің «Қол» психологиялық драмасының премьерасы, ұлы даланың ұлы тұлғасы, ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр әл- Фарабидің 1150 жылдығына арналған Ш.Құсайыновтың «Әбу Насыр әл-Фараби» тарихи драмасы, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалық драмасы, М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Мұқағали» /инсц. Қ.Қасымов/ монодрамасының премьералары сахналанды. Бұнымен тоқтамады, Шымкент қаласының 2200 жылдығы мен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына арналған С.Қасымбектің «Наурыз көне Шымқалада» таңғажайып хикаятының премьерасы және осы секілді ғажайып жаңа премьералар театр көрермендерінің жүрегінен орын тапты. Жалпы жыл бойына 7 премьера көрермен назарына ұсынылды.

Театр- сахна өнеріне тер төккен режиссер, суретші, гример, бутафор сынды кәсіби сахна мамандарының еңбегімен халықтың ықыласына бөленген — киелі өнер ордасы.

Құрметті достар!

Қазақ театры кезекті демалыстан кейін тың идея, ерекше қойылымдармен жаңа маусымның шымылдығын ашатын болады. Театрдың жаңа маусымында жүздескенше ағайын!

Previous Post

Төлебиде қымыз өндіру ісі қарқынды

Next Post

Танымал режиссер және актер Сатыбалды Нарымбетов өмірден өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі