13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Шымкентте домбыра күніне орай ғимараттар ұлы күйшілердің портреттерімен безендірілді

4 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте Ұлттық домбыра күні аталып өтті
71
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты бұқаралық-мәдени іс-шаралардың көпшілігі онлайн форматта өтті. Десе де, екі ерекше оқиға мегаполис тұрғындары мен қонақтарының назарын аударды.

Шаһардағы «Түркістан» сарайы мен Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының ғимараттарына поп-арт стиліндегі ұлы күйшілердің үлкен портреттері ілінді. Осылайша, билік аңызға айналған Құрманғазы, Дина, Тәттімбет, Дәулеткерей, Кенен Әзірбаев, Біржан сал, Қазанғап, Жаяу Мұса сынды қазақтың домбырада ойнау шеберлерінің рөлін креативті түрде көрсетті. Олардың суреттері қаладағы билбордтарға да ілініп, кеңінен насихатталды.

Ал ShymQala этноауылында домбыра жасау бойынша онлайн-мастер-класс өтті. Қолөнершілер ұлттық аспаптың қандай материалдардан және қалай жасалатынын, оның бірегейлігі мен мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Бұл күні қала кітапханаларында кітап көрмелері мен әдеби кештер ұйымдастырылды. Ал Арбатта косплеер-әртістер костюмдер мен атрибуттардың көмегімен танымал күйшілердің бейнесін сомдады.

Домбыра жүздеген жылдар бойы қазақтардың қуанышы мен қайғысының да куәгері болды. Биыл Қазақстанда домбыра күні төртінші рет атап өтілуде. Бұл ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған өте маңызды мереке. Әсіресе жастар үшін өте маңызды.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шілденің бірінші жексенбісін Ұлттық домбыра күні деп белгілеу туралы қаулы шығарған болатын. 2014 жылы ЮНЕСКО дәстүрлі домбыра күйін орындау өнерін адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы деп таныды. Домбыра күйі адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілген алғашқы Қазақстандық мұра болды.

Tags: 13kzШымкентҰлттық домбыра күні
Previous Post

Түркістанда Елбасы Н.Назарбаевқа ескерткіш қойылды

Next Post

Тәуелсіздік тарихы-менің тарихым

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі