13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлебиде шағын сүт фермасы іске қосылды

3 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Төлебиде шағын сүт фермасы іске қосылды
29
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданындағы шаруа қожалықтар  қазіргі кезде сүтті және етті бағыттағы ірі қара мал санын өсіруді қолға алған. Аймақта сүт өнімі үлкен сұранысқа ие болғандықтан, сүтті бағыттағы сиырлар көбейіп келеді.  Оған мемлекет тарапынан қаржылай қолжау көрсетіледі.  Бұл мақсатта  «Сыбаға» бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама аясында «Агрофинанс» қаржылай қолдау қоры арқылы Тасарық ауылдық округі тұрғыны жеке кәсіпкер Ерболат Есенәлі 12 бас асыл тұқымды «Гольштейн» сиырын 12 млн теңгеге сатып алған. Ірі қаралардың әрқайсысынан күніне 25 литр сүт алып, жалпы 300 литр сүтті өндіріп отыр. Шағын жанұялық  сүт фермасының иесі дайын өнімді «Фуд Мастер» компаниясына өткізіп отыр.
Жас кәсіпкер бүгінде ауылдың 3 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып, тиісті жалақысын төлейді.
«Осыдан екі жыл бұрын алып келінген аналық бас сиырлардың барлығы төлдеді. Алдағы уақытта қора-жайды кеңейтіп, мал басын көбейтуді жоспарлап отырмын. Шағын сүт фермасының жұмысын жандандырып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуды мақсат етіп отырмын»,-  дейді кәсіпкер.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістан:  ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары аудан, қалаларды аралайды

Next Post

Қазақстан Республикасының Президенті жоғары әскери орындарының үздік түлектеріне погондар табыс етті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі