13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Nur Otan»: Oрдабасы аудандық филиалының төрағасы сайланды

2 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
«Nur Otan»: Oрдабасы аудандық филиалының төрағасы сайланды
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Ордабасы ауданының орталығы Темірланда «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс  ХLVІ конференциясы өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық Саяси кеңес бюросының мүшесі,  облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев, аудандық мәслихат хатшысы, депутаттық фракцияның мүшелері, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар қатысты.

Келелі кеңесте бас партияның  облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары сөз алып, партияластар алдында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламаны орындау міндеті тұрғанын жеткізді. Бұл ретте депутаттар мен жергілікті атқарушы органдарға үлкен жауапкершілік жүктелгенін, ел сенімін ақтау бағытында тоқтаусыз жұмыс жүретінін айтып өтті.

Конференцияның күн тәртібінде  3 мәселе қаралады. Әуелі «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалының төрағасы болып Ордабасы ауданының әкімі Батыршаев  Бағлан Дәнебекұлы сайланды.

Сол жиын соңында қуанышты оқиға болды. Алдымен «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық  филиалының жаңа  ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ғимараттың лентасын партия ардагері Бостандық Жәкей мен партияның Ордабасы аудандық филиалының төрағасы Бағлан Батыршаев қиып, жұртшылықты құттықтады.

Демеушілер есебінен салынған ғимаратта халықпен тығыз байланыста жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалған. Қоғамдық қабылдау бөлмесі, қажетті инфрақұрылымы бар. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев әріптестерінің жұмысына сәттілік тілеп, ел сенімін ақтайтындарына сенім білдірді. Сонымен бірге демеушілер тарапынан Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық  филиалына автокөліктің кілті тапсырылды.

Tags: 13kz13kz.kz13кзТуркестанская областьТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Өмірзақ Шөкеев: Мал азығы бағасын негізсіз өсіруге жол берілмейді

Next Post

Өмірзақ Шөкеев шаруалармен түйткілді мәселелерді талқылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі