13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Сауран қалашығында ұлттық аспабымыз – домбыра ұлықталды

1 июля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Сауран қалашығында ұлттық аспабымыз – домбыра ұлықталды
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлттық домбыра күні қарсаңында, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойы мен Түркістан облысының құрылғанына үш жыл толуына орай «Домбыра үнімен бой көтерген жаңа Сауран» атты күйшілер флешмобы өтті.

Шараның басты мақсаты – қазақтың күйі арқылы тарихы терең, сырын талай ғасыр ішіне бүккен Сауран қалашығының жаңа таңы атқанын, енді ғана құрылған Сауран ауданының жаңа дәуірі басталғанын насихаттау.

ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған, әйгілі ортағасырлық қалалардың бірі — Сауран қалашығында өткен шараның ерекшелігі — отыздан астам күйшінің рауандап атқан таңмен таласа ұлттық аспап – домбырамен қазақ халық күйлерін орындағаны еді.

Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен домбыраны ұлықтау шарасында өнерпаздар тобы Түркештің «Көңіл ашарын», Құрманғазының «Балбырауынын», Динаның «Науысқы» күйлерін орындады.

Флешмоб барысында келушілерге ұлттық тағамдар ұсынылып, домбыраның киесі мен қасиеті туралы толғамды ойлар айтылды.

Атап өтейік, 2018 жылы ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық домбыра күні туралы Жарлыққа қол қойып, шілденің бірінші жексенбісі елімізде Ұлттық домбыра күні деп белгіленген.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кздомбыраТүркістан облысыҰлттық аспап
Previous Post

Түркістан: Ауыл әкімдерін сайлауға қатысты саясаттанушылар мен партия өкілдері пікір білдірді

Next Post

Шымкенттік сержанттар кәсіби мерекелерін атап өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі