13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Әскери қызметшілердің құқықтарын қорғауда Шымкент гарнизоны әскери прокуратурасының рөлі

30 июня, 2021
in Қоғам
0
Әскери қызметшілердің құқықтарын қорғауда Шымкент гарнизоны әскери прокуратурасының рөлі
Share on FacebookShare on Twitter

2021 жылы әскери прокуратураның үйлестіруші рөлінің нәтижесінде гарнизонның әскери нысан басшылықтарымен және құқық қорғау органдарымен конструктивті қарым-қатынас қамтамасыз етілді, бұл жалпы заңдылық пен құқықтық тәртіптің жағдайын заңға сәйкестендірді.

Ағымдағы жылы Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасыәскери қызметшілердің өз-өзіне қол жұмсау көріністерін және жарақаттану деректерін алдын-алуға,сонымен қатар денсаулығы мен өмірін сақтауын қамтамасыз етугеерекше көңілбөлді. Себебі бір адамның өлуі бақылау қызметінің барлық позитивті нәтижелерін жоққа шығаруы мүмкін.

Барлық санаттағы әскери қызметшілермен өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу салдары бойынша жауапкершілікке тарту жөнінде түсіндіру жұмыстары әрдайым жүргізіліп тұрады.

Шымкент гарнизонында барлық санаттағы әскери қызметшілер мен қызметшілердің саны өсуіне қарамастан, бағдарламаны сапалы орындауының арқасында ағымды жылы өз-өзіне қол жұмсау деректері тіркелген жоқ.Жарақаттану саны екі есе төмендеді(2020 жылы 46 әскери қызметшілер арасында жарақаттану деректері орын алса, ағымдағы жылы 28 дерек орын алған).

Ұлттық ұлан және Шекара қызметі әскери бөлімдерінде әскери қызметтен бас тарту, дезертир жағдайлары және қылмыс азайды.

Әскери прокуратураның,қылмыстық қудалау органдарының және әскери бөлім командирлерінің  негізгі күші ескерту мен алдын-алу іс-шарларына көңіл бөлінген.

Ағымдағы кезеңде Шымкент гарнизоны әскери бөлімдерінің командирлері әскери қызметшілерді спорттық-бұқаралық шараларға тарту, діни істер жөніндегі мамандармен, банк секторларымен, сонымен қатар жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандарымен  кездестіру ұйымдастыруды белсенді қолға алған.

Мысалға айта кетер болсақ, Шымкент гарнизоны бастығының еңбегімен Шымкент гарнизоны әкімшілігінде әскери қызметшілерге арналған спорттық жаттығу залы ашылды.

Діни істер жөніндегі Басқарманың теологтарымен бірлесе барлық дінде және конфессияларда өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің күнәсі және тыйым салынатыны туралы ақпараттандырылады.

Сонымен қатар, әскери прокуратурамен медицина қызметкерлері, тыл қызметі және тамақтандыруды ұйымдастырушыларға тамақтан улану және жаппай сырқаттану жағдайларын жібермеу туралы ескертілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламсы шеңберінде әскерге шақырушыларға дейінгі жастағы тұлғаларға патриоттық сезімді ұялату, сонымен қатар болашақ әскерге шақырушылар арасында құқық бұзушылықты төмендету мақсатында Шымкентқаласыжәне Түркістан облысы білім басқармасымен бірлесіп,орта мектептептерде мамандандырылған кадет кластарын ашуға шешім қабылданды.

Әскери полиция бөлімімен бірлесе әскерге шақыру комиссия мүшелерімен негізсіз шақыру және олардың әскерден денсаулығына байланысты қайтып келу деректері бойынша жауапкершілікке тарту мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Одан бөлек, Шымкент гарнизоны әскери прокуратурасымен талдау кезінде 6698 әскери бөлімінің 114 әскери қызметшісіне ай сайынғы тұрғын үй төлемдерін кем төлеу деректері анықталды. Аталған құқықбұзушылықтар бойынша 6698 әскери бөліміне ұсыну енгізіліп аталған әскери қызметшілердің құқықтары қорғалды.

Қолданған шараларға байланысты ағымды жылы әскери бөлімдерден  әскери қызмет кесірінен сырқаттанып қайтып келген әскери қызметшілер деректері жоқ.

Е.Сыздыков

Шымкент гарнизоны

әскери прокуратурасының

аға прокуроры

әділет капитаны                                                                                            

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент гарнизоныәскери прокуратура
Previous Post

Шымкент: Жазғы олимпиада ойындарына жолдама алған спортшылар қызу дайындық үстінде

Next Post

Шымкентте үш жылдық инвестиция 1,2 трлн теңгеден асты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі