13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда дәстүрлі әншілер семинар өткізді

30 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістанда дәстүрлі әншілер семинар өткізді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында «Түркістан мақамдары» атты оқу-әдістемелік семинары өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын дәріптеуді көздейтін шараны Түркістан облыстық мәдениет басқармасы мен халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырды.
Ашылу салтанатында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев төл өнерді ұлықтап жүрген дәстүрлі әншілер семинарына қатысушыларға сәттілік тіледі.   Сондай-ақ, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев шараның негізгі мақсатын түсіндіріп, маңыздылығына кеңінен тоқталды.
Екі күнге жоспарланған семинар арнайы әдістемелік бағдарламаға сай өткізілді.  Негізгі мақсат  — оңтүстіктің дәстүрлі орындау мектебін яғни терме, күйлерін өскелең ұрпаққа кеңінен дәріптеп, тәжірибе алмасу, облыс көлемінде өңірлік музыка мектебінің үйірмелерін ашу.
Семинарға еліміздің танымал музыка зерттеушілері, дәстүрлі музыка өкілдері мен Түркістан облысына қарасты аудан-қалалардағы мәдениет ошақтарының мамандары қатысты. Басқосуда ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Арқа әншілік мектебінің жалғастырушысы Ерлан Рысқали мен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Батыс Қазақстан өңірі әншілік мектебінің өкілі Айгүл Қосанова, сондай-ақ ақын, сазгер, термеші, дәстүрлі әншілер мен жыраулар өз ойларын ортаға салды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Tags: 13kz13кз
Previous Post

Түркістанда су мәселесі сауатты шешілуде

Next Post

Түркістан: «Тәуелсіздік тұғыры - тұрақтылық!»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі