13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өмірзақ Шөкеев: Бізде «Зияткерлік ресурс» бар

30 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Өмірзақ Шөкеев: Бізде «Зияткерлік ресурс» бар
Share on FacebookShare on Twitter

Бизнес алпауыттарының қатысуымен елімізде алғаш рет Түркістан облысында  бастау алған «Кәсіпкерлік Қырандары» жобасы жалғасын тапты. Түркістан облысының әкімдігі мен облыстық кәсіпкерлер палатасы бірлесе жүзеге асырған ерекше форматтағы жоба отандық инвесторлардың көмегімен стартаперлерді, «Бастау Бизнес» түлектерін, ұтымды бизнес жобасы бар кіші кәсіпкерлерді менторлық, инвестициялық, инфрақұрылымдық қолдауға бағытталған.

Жаңа жобаның «Turkistan» телеарнасындағы тұсаукесері резонанс тудырып, ток-шоу бағдарламасының екінші маусымы көрерменге жол тартпақ.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен «Farab» кітапханасында өткен  телевизиялық жобаның түсірілімінде түркістандық кәсіпкерлер белгілі бизнес мэтрлерінің алдында өз бизнес — жобасын қорғап шықты. Тележоба модераторы — Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков.

«Бізде «зияткерлік ресурс» бар. Білімі мен ақыл-зерде, парасат дәрежесі бәсекеге түсе алатын эрудициялы адамдар жетеді. Креативті жобаларды мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдауға болады. Шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға елемізде ерекше көңіл бөлінген. Бұл бағытқа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысының ерекше назарында. Өз идеясын бар көңілі мен күш-жігерін жұмсап, жүзеге асырған жоба көрініп тұрады. «Жанып тұрған» жас бизнесмендерге үлкен жол ашатын жоба жалғасын табады», – деді тележоба түсіріліміне қатысқан Өмірзақ Шөкеев.

Өңірлік кеңестің белді мүшелері ментор ретінде қолдау білдіріп, мол табыс табудың қыр-сырымен бөлісті. Олардың қатарында «Аlma Jabagly» ЖШС директоры Мақсат Абдукаримов, «Таңбатыр-112» ЖШС директоры Ғазиз Ерімбетов, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ төрағасы Хайрулла Қожабаев, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, «Сенім жүрек» мүгедектер қоғамы» ҚҰ төрағасының орынбасары Гүлбахира Тәжібаева, «Келешек-С» ЖШС басшысы  Салман Дукенбаев және «Қаратас Майнинг» ЖШС директорының орынбасары Әсет Кәрімов секілді бизнес алпауыттары бар.

«Кәсіпкерлік Қырандары» телевизиялық ток-шоу бағдарламасына қатысып, жастарды жігерлендірген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев кәсіпкерге қолдау көрсеткен инвесторларға алғысын айтты. Айта кетейік, жобаның бірінші маусымында инвестицияға қол жеткізген кәсіпкерлердің жобалары жүзеге асып, кәсіптері дамуда. Екінші маусымға қатысуға Палатаға 170-ке жуық өтінімдер келіп түсті. Оның ішінде жалпы құны 43 млн.теңгенің 8 жоба іріктелді.Қатал сараптаудан соң финалға шыққан жоба авторлары инвестиция үшін күресте өздерінің бірегей бизнес — идеяларын ортаға салды.

Инвестиция және менторлар үшін күресте үміткерлер цифрлық аудио кітаптарды қазақ тілінде ұсынатын мобильдік қосымша, арболит блогын шығару, бал ара шаруашылығы (омарташылық), балалар ойын сауық орталығы, медиа саласында комплексті қызмет көрсететін мектеп ашу, эпоксидті шайыр (смола) өнім шығару цехы және құрылыс қолғабын өндіру секілді жобаларымен таныстырды. Нәтижесінде инвесторлар мен қатысушылар бірлескен жобаларды іске асыру бойынша келісімге келді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкент : «Nur Otan» партиясында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселесі қаралды

Next Post

Түркістан қаласында қалалық саябақтың құрылыс жұмысы жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі