13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысының әкімдігі мен Самұрық-Қазына» АҚ бірлескен жобаларды талқылады  

28 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысының әкімдігі мен Самұрық-Қазына» АҚ бірлескен жобаларды талқылады  
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі мен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірлескен жобаларды талқылады.

Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» тобының портфельдік компаниялары газдандыру, электр энергетикасы, электрондық коммерция, пошта қызметтері, ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылым саласында бірқатар жобаларды іске асыруда.

Әлеуметтік саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Алдағы бірлескен бастамалар арасында инклюзияны қолдау ресурстық кабинетін жабдықтау, көпфункционалды спорт кешендерін салу, «Түркістан-Шымкент-Ташкент» жоғары жылдамдықты теміржол магистралін салу және басқа да бірқатар жобалар талқыланды.

Өңір басшысының айтуынша, «Самұрық-Қазына» қоры Түркістандағы бірнеше маңызды әлеуметтік-маңызды нысандардың құрылысын қамтамасыз етті.

«Еліміздің Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы аясында қор еліміздің рухани астанасының дамуына үлкен үлес қосты», — деп атап өтті Өмірзақ Шөкеев.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы «Самұрық-Қазына» қоры бес әлеуметтік маңызды нысанды облыс әкімдігіне тегін берген болатын: Х.А. Яссауи мұражайы, 7000 орындық стадион, оқушылар сарайы, Конгресс-холл және «Қазпошта»АҚ облыстық бөлімшесінің ғимараты.

2019 жылы қордың компаниялар тобы Арыс қаласын қалпына келтіруге белсенді қатысты. Атап айтсақ,  68 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны жөнделіп, салынды, оның ішінде 16 мектеп, 36 балабақша, 8 денсаулық сақтау нысаны, 4 спорт нысаны, колледж, теміржол вокзалы, даңқ аллеясы және орталық алаң.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Түркістан облысында бірқатар отбасыларға 500 млн теңге үлестіріліп берілді

Next Post

Карантин шектеулеріне бағынбаған шымкенттік рестобар анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі