13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттегі инвестициялық штабта жаңа жобалар ұсынылды

26 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттегі инвестициялық штабта жаңа жобалар ұсынылды
Share on FacebookShare on Twitter

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен кезекті Инвестициялық штабтың отырысында 9 жаңа жоба ұсынылды. Жоба жетекшілері «ZOOM» платформасы арқылы қосылып, өзекті мәселелерін ортаға салды.

Мәселен, «Шымкент Темір» ЖШС-і өндірістік қуаты жылына 300 000 тонна болатын үздіксіз құйылған дайындама, ұсақ сұрыпты болат және созба сым өндіру зауытын салу және өндірістік қуаты жылына 360 000 тонна тікелей қалпына келтірілетін темір өндіру зауытын салу туралы жобасын ұсынды. Аталған жобаларға «Жұлдыз» индустриялды аймағынан 100 гектар жер бөлінген. Жоба іске қосылған сәтте 1500 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Қажетті инфрақұрылымдық жүйелер қосылған кезде құрылыс жұмыстары басталады. Қала әкімі аталған жобаны өзінің жеке бақылауына алып, әр ай сайын арнайы кездесу ұйымдастыруды тапсырды.

Келесі таныстырылған жобалардың бірі — «Medcomfort» ЖШС. Ол медициналық жиһаз, медициналық жабдық және медициналық маскалар өндірумен айналысылады. Өндіріс иесі кәсіптің қуаттылығын арттыру мақсатында әкімдіктен жер сұрады. Шаһар басшысы жаңа индустриалды аймақтан орын беру жөнінде шешім қабылдады.

— Күзде «Жұлдыз» индустриалды аймағындағы инфрақұрылым мәселелері толық шешіледі. Сол кезде құрылысты бастай берсеңіз болады. Жерді рәсімдеуді сала басшыларына жүктеймін, — деді әкім.

Сонымен бірге, штаб отырысында модульді үйлер салу, жекеменшік мектеп салу, полиэтиленті қайта өңдеу, темір-бетон бұйымдарын өндіру, тұрғын-үй кешенін салуға ниеттілер өздерінің жобаларын таныстырды.

Жиынды қорытындылаған Мұрат Әйтенов әрбір жоба апта көлемінде тереңінен зерделеніп, екі тарапқа да ұтымды шешім шығарылу керектігін айтты.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістандық дәрігерлер біліктілігін арттырады

Next Post

Шымкентте зообақтың жағдайы қалыпты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі