13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

М.Әйтенов: Инфекцияның қайта таралуына жол бермеуіміз керек

25 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
М.Әйтенов: Инфекцияның қайта таралуына жол бермеуіміз керек
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын пысықтау мақсатында қала әкімінің төрағалығымен кезекті штаб отырысы өтті. Алдымен әлем елдеріне шолу жасалып, еліміздің және қаланың бүгінгі ахуалы талқыланды.

Жиында баяндама жасаған денсаулық сақтау басқармасының басшысы соңғы тәулікте Ресей мен АҚШ-та коронавирус инфекциясын жұқтыру жайты тез өсім алғанын айтты. Ал, елімізде Нұр-Сұлтан қаласы қызыл аймақта болса, Алматы қаласы мен облысы қызыл мен сары аймақ шекарасында тұр. Шымкент соңғы аптада сары аймаққа енді. Өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 50 жағдай тіркелген. Оның ішінде 17 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 33 адам үй бақылауына алынды.

Сонымен бірге, бір тәулік ішінде қалада 6220 адам вакцина алды (I компонент-3831, II компонент-2389). Егу науқаны басталғалы барлығы 243 390 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 143 729 адам вакцинаның екі компонентін алған.

Бас дәрігер қаладағы емханалар мен дәріханаларда дәрі-дәрмек қорының және вакцинаның жеткілікті екенін айтып өтті. Мониторингтік топ карантин талаптарын сақтау бойынша күнделікті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқандығын, алайда тойханаларда мерейтойлардың тоқтамай жатқандығын жеткізді.

Төраға аудан әкімдеріне тойхана иелерімен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

«Елімізде коронавирустың Үнді штаммы анықталды. Демек, босаңсуға болмайды. Инфекцияның қайта таралуын болдырмау үшін дайындықты күшейтуіміз керек. Тұрғындарға вакцинаның жеткілікті, бүгінде жалғыз тиімді шешім екпе салдыру екенін дұрыс түсіндіру маңызды. Қазір қаладағы вакциналануға жататын тұрғындардың 44 пайызы екпе салдырған. Осыны толық көлемде жүзеге асырсақ, қайта қалыпты өмір салтына оралар едік. Мониторингтік топтың жұмысы күшейтілсін. Баршаңызды жауапкершілікпен жұмыс жасауға шақырамын» — деп сөзін түйіндеді қала әкімі М.Әйтенов.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Шымкентте шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

Next Post

Қала әкімі XXXII жазғы олимпиада ойындарына қатысатын спортшыларды қабылдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі