13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Қайнарбұлақ тұрғын алабы келесі жылы сапалы электр жарығымен қамтылатын болады

24 июня, 2021
in Uncategorized
0
Қайнарбұлақ тұрғын алабы келесі жылы сапалы электр жарығымен қамтылатын болады
Share on FacebookShare on Twitter

Қаратау аумағындағы Қайнарбұлақ тұрғын алабы 2022 жылы сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Бұл туралы Шымкент қаласы Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков аталған алабтың тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

Айта кету керек, бүгін Қайнарбұлақ тұрғындары алабтың табиғи газбен, сапалы электр қуатымен және ауыз сумен қамтылмай жатқандығы жөнінде наразылықтарын білдірген болатын. Осыған орай сала мамандары тұрғындардың талаптарын тыңдап, Қайнарбұлақтың инфрақұрылымы бойынша жоспарланған жұмыстармен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Нақтылап айтсақ, Қайнарбұлақты электр қуатымен қамту бойынша, қазіргі таңда мердігер мекеме анықталып, құрылыс жұмыстары басталды. 2022 жылы құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады деп жоспарланған. Нәтижесінде, ондағы тұрғындар сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Сондай-ақ, Қайнарбұлақ тұрғын алабын табиғи газ және ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттама да әзірленуде. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша құрылысты жүргізетін «МПК проект» ЖШС-і анықталған. Енді 2022 жылы жобаға сараптама қорытындысын алып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс беріледі. Құрылыс жұмыстары 2022-2023 жылдары жүргізілетін болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Қайнарбұлақ тұрғын алабы келесі жылы сапалы электр жарығымен қамтылатын болады

Next Post

Мұрат Әйтенов: Шымкентке мегаполис статусын беру – қаланың жаңа тынысын ашты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі