Қозыбаев университетіне «Серпін» жобасымен оқуға түсіп, жұмысқа Солтүстікке орналасқан әрбір жас түлекке Үкімет стипендия, жатақхана мен жол ақысынан бөлек 1,5 млн теңгеге жуық мемлекеттік көмек көрсетеді
Kozybayev University (Қозыбаев университеті) – қандай университет?
Петропавл қаласындағы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті – еліміздегі терең тарихы бар іргелі жоғары оқу орны.
Қозыбаев университетінің құрылғанына алдағы 2022 жылы 85 жыл толады.
1937 жылы іргесі қаланған К.Д. Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институты 1994 жылғы 2 маусымда Солтүстік Қазақстан университеті болып қайта құрылды.
Қазіргі кезде Қозыбаев университетінде 117 білім беру бағдарламасы бойынша 7621 студентке 432 профессор-оқытушы сапалы білім беріп жатыр.
Қозыбаев университетінде 1200-ге жуық қызметкер жұмыс істейді.
Қозыбаев университетінің 9 оқу ғимараты, 3 жатақханасы бар.
Қозыбаев университетінің (Kozybayev University) болашағы қандай?
Алдағы уақытта Қозыбаев университетінде:
— 600 орындық екі студенттік жатақхана салынады;
— Қазір жұмыс істеп тұрған №№ 1, 2 және 4 студенттік жатақханаларына күрделі жөндеу жүргізіледі;
— Қазір жұмыс істеп тұрған № 2, 3, 4, 6, 7 оқу корпустарына күрделі жөндеу жүргізіледі.
Сондай-ақ Қозыбаев университетінде «Академиялық шеберлік орталығы» құрылады.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің бағдарламасы бойынша Назарбаев Университеті үлгісіндегі озық өңірлік жоғары оқу орнына айналдыру мақсатында Қозыбаев университетінде технопарк және ғылыми орталықтар құрылады.
Бүгінде Қозыбаев университетінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасымен оқып жатқан түлектердің еңбек ету мерзімін 3 жылдан 2 жылға дейін төмендету мәселесі қарастырылу үстінде.
Шетелдің жоғары оқу орындарынан Қозыбаев университетіне ауысатын студенттерге қосымша гранттар бөлінеді.
Қозыбаев университетінде студенттердің шетелдік академиялық ұтқырлығы және магистранттардың шетелдік тағылымдамасы қарастырылған.
Осылайша, Қозыбаев университеті студенттерінің санын қазіргі 7621-ден 10 мыңға дейін көбейту жоспарланған.
Алдағы уақытта Солтүстік Қазақстан облысында 26 мың жаңа жұмыс орнын құру көзделген, оның басым көпшілігі Қозыбаев университетінің студенттерін жұмысқа орналастыруға бағытталған.
Қозыбаев университеті халықаралық мәртебеге қалай ие болады?
2021 жылғы 06 мамырда Петропавл қаласына АҚШ-тағы Аризона университетiнiң өкілдері келді.
Арнайы келiссөздерден кейiн Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін АҚШ-тың Аризона университетiне сенiмгерлiк басқаруына беру арқылы Халықаралық Қазақ-Американ университетін құру мәселесi қарастырылып жатыр.
АҚШ-тың Аризона университетi әлемдегi ең үздiк 100 университеттiң қатарына кiредi. Бұл жоғары оқу орнынан Нобель сыйлығының үш лауреаты шыққан және NASA аэроғарыш агенттiгiмен байланыс жасайды.
Қозыбаев университетінің студент-жастары мен профессор-оқытушылары үшiн АҚШ-тың Аризона университетінің бай тәжiрибесi өте пайдалы болатыны сөзсіз.
Осылайша, бiздiң жастарымыз үшін шетелдік оқу орнында бiлiмін жетілдіруге тамаша мүмкiндiкке жол ашылады.
Қозыбаев университетінің білім гранттары конкурсына қатысу үшін шектік балл қандай болуы керек?
Қозыбаев университетіне бөлінген білім гранттары конкурсына қатысу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) емтиханын тапсыру және оның нәтижесі мынадай болу қажет:
— «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл;
— «Денсаулық сақтау» білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл;
— «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл;
— Басқа білім беру салалары бойынша – кемінде 50 балл.
Бұл ретте ҰБТ-ның әр пәні бойынша және (немесе) шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алу қажет.
Қозыбаев университетінде қандай білім беру бағдарламалары топтары бар?
Қозыбаев университетіне «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасының квотасы және жалпы конкурс бойынша бөлінген мынадай білім беру бағдарламаларының топтары бар:
«Биология – География» бейіндік пәндері бойынша
В001 – Педагогика және психология (ҰБТ – 75 балл)
Бейіндік пәндер: Биология – География
(«Серпін» және жалпы конкурс)
В002 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу (ҰБТ – 75 балл)
Бейіндік пәндер: Биология – География
(«Серпін» және жалпы конкурс)
В003 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі (ҰБТ – 75 балл)
Бейіндік пәндер: Биология – География
(«Серпін» және жалпы конкурс)
В019 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау (ҰБТ – 75 балл)
Бейіндік пәндер: Биология – География
(Жалпы конкурс)
В020 – Арнайы педагогика (ҰБТ – 75 балл)
Бейіндік пәндер: Биология – География
(«Серпін» және жалпы конкурс)
«Математика – Физика» бейіндік пәндері бойынша
B009 – Математика мұғалімдерін даярлау (ҰБТ – 75 балл)
Бейіндік пәндер: Математика – Физика
(«Серпін» және жалпы конкурс)
В010 – Физика мұғалімдерін даярлау (ҰБТ – 75 балл)
Бейіндік пәндер: Физика – Математика
(«Серпін»)
«Химия – Биология» бейіндік пәндері бойынша
B012 – Химия мұғалімдерін даярлау (ҰБТ – 75 балл)
Бейіндік пәндер: Химия – Биология
(«Серпін» және жалпы конкурс)
B013 – Биология мұғалімдерін даярлау (ҰБТ – 75 балл)
Бейіндік пәндер: Биология – Химия
(«Серпін» және жалпы конкурс)
«География – Дүниежүзі тарихы» бейіндік пәндері бойынша
B014 – География мұғалімдерін даярлау (ҰБТ – 75 балл)
Бейіндік пәндер: География – Дүниежүзі тарихы
(Жалпы конкурс)
B015 – Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау (ҰБТ – 75 балл)
Бейіндік пәндер: Дүниежүзі тарихы – География
(Жалпы конкурс)
«Қазақ тілі – Қазақ әдебиеті» бейіндік пәндері бойынша
B016 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау (ҰБТ – 75 балл)
Бейіндік пәндер: Қазақ тілі – Қазақ әдебиеті
(Жалпы конкурс)
«Орыс тілі – Орыс әдебиеті» бейіндік пәндері бойынша
B017 – Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау (ҰБТ – 75 балл)
Бейіндік пәндер: Орыс тілі – Орыс әдебиеті
(Жалпы конкурс)
«Шетел тілі – Дүниежүзі тарихы» бейіндік пәндері бойынша
B018 – Шет тілі мұғалімдерін даярлау (ҰБТ – 75 балл)
Бейіндік пәндер: Шетел тілі – Дүниежүзі тарихы
(«Серпін» және жалпы конкурс)
В036 – Аударма ісі (ҰБТ – 50 балл)
Бейіндік пәндер: Шетел тілі – Дүниежүзі тарихы
(Жалпы конкурс)
«Математика – География» бейіндік пәндері бойынша
В044 – Менеджмент және басқару (ҰБТ – 50 балл)
Бейіндік пәндер: Математика – География
(Жалпы конкурс)
В045 – Аудит және салық салу (ҰБТ – 50 балл)
Бейіндік пәндер: Математика – География
(Жалпы конкурс)
В046 – Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі (ҰБТ – 50 балл)
Бейіндік пәндер: Математика – География
(Жалпы конкурс)
«Дүниежүзі тарихы – Құқық негіздері» бейіндік пәндері бойынша
В049 – Құқық (ҰБТ – 50 балл)
Бейіндік пәндер: Дүниежүзі тарихы – Құқық негіздері
(Жалпы конкурс)
«Биология – Химия» бейіндік пәндері бойынша
B050 – Биологиялық және сабақтас ғылымдар (ҰБТ – 50 балл)
Бейіндік пәндер: Биология – Химия
(Жалпы конкурс)
В053 – Химия (ҰБТ – 50 балл)
Бейіндік пәндер: Химия – Биология
(Жалпы конкурс)
В068 – Азық-түлік өнімдерінің өндірісі (ҰБТ – 50 балл)
Бейіндік пәндер: Биология – Химия
(«Серпін» және жалпы конкурс)
В077 – Өсімдік шаруашылығы (ҰБТ – 60 балл)
Бейіндік пәндер: Биология – Химия
(«Серпін» және жалпы конкурс)
В078 – Мал шаруашылығы (ҰБТ – 60 балл)
Бейіндік пәндер: Биология – Химия
(«Серпін» және жалпы конкурс)
В085 – Фармация (ҰБТ – 70 балл)
Бейіндік пәндер: Биология – Химия
(Жалпы конкурс)
В086 – Жалпы медицина (ҰБТ – 70 балл)
Бейіндік пәндер: Биология – Химия
(Жалпы конкурс)
«Биология – География» бейіндік пәндері бойынша
В051 – Қоршаған орта (ҰБТ – 50 балл)
Бейіндік пәндер: Биология – География
(Жалпы конкурс)
В079 – Орман шаруашылығы (ҰБТ – 60 балл)
Бейіндік пәндер: Биология – География
(«Серпін» және жалпы конкурс)
«Математика – География» бейіндік пәндері бойынша
В052 – Жер туралы ғылым (ҰБТ – 50 балл)
Бейіндік пәндер: Математика – География
(Жалпы конкурс)
«Математика – Физика» бейіндік пәндері бойынша
В054 – Физика (ҰБТ – 50 балл)
Бейіндік пәндер: Физика – Математика
(Жалпы конкурс)
В057 – Ақпараттық технологиялар (ҰБТ – 50 балл)
Бейіндік пәндер: Математика – Физика
(«Серпін» және жалпы конкурс)
В059 – Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар (ҰБТ – 50 балл)
Бейіндік пәндер: Математика – Физика
(«Серпін» және жалпы конкурс)
В062 – Электр техникасы және энергетика (ҰБТ – 50 балл)
Бейіндік пәндер: Математика – Физика
(«Серпін» және жалпы конкурс)
В064 – Механика және металл өңдеу (ҰБТ – 50 балл)
Бейіндік пәндер: Математика – Физика
(«Серпін» және жалпы конкурс)
В065 – Автокөлік құралдары (ҰБТ – 50 балл)
Бейіндік пәндер: Математика – Физика
(«Серпін» және жалпы конкурс)
В074 – Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс (ҰБТ – 50 балл)
Бейіндік пәндер: Математика – Физика
(«Серпін» және жалпы конкурс)
В076 – Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) (ҰБТ – 50 балл)
Бейіндік пәндер: Математика – Физика
(Жалпы конкурс)
«Химия – Физика» бейіндік пәндері бойынша
В060 – Химиялық инженерия және процестер (ҰБТ – 50 балл)
Бейіндік пәндер: Химия – Физика
(Жалпы конкурс)
«География – Шет тілі» бейіндік пәндері бойынша
В091 – Туризм (ҰБТ – 50 балл)
Бейіндік пәндер: География – Шет тілі
(Жалпы конкурс)
«Шығармашылық емтихан – Шығармашылық емтихан» бейіндік пәндері бойынша
В005 – Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау (ҰБТ – 75 балл)
Бейіндік пәндер: Шығармашылық емтихан – Шығармашылық емтихан
(«Серпін» және жалпы конкурс)
В006 – Музыка мұғалімдерін даярлау (ҰБТ – 75 балл)
Бейіндік пәндер: Шығармашылық емтихан – Шығармашылық емтихан
(Жалпы конкурс)
В031 – Сән, дизайн (ҰБТ – 50 балл)
Бейіндік пәндер: Шығармашылық емтихан – Шығармашылық емтихан
(Жалпы конкурс)
В042 – Журналистика және репортер ісі (ҰБТ – 50 балл)
Бейіндік пәндер: Шығармашылық емтихан – Шығармашылық емтихан
(Жалпы конкурс)
В092 – Тынығу (ҰБТ – 50 балл)
Бейіндік пәндер: Шығармашылық емтихан – Шығармашылық емтихан
(Жалпы конкурс)
Қозыбаев университетінде «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» білім беру салалары бойынша арнаулы емтихандар өткізілетін қандай білім беру бағдарламалары бар?
В001 – Педагогика және психология
В002 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
В003 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
В009 – Математика мұғалімдерін даярлау
В010 – Физика мұғалімдерін даярлау
В012 – Химия мұғалімдерін даярлау
В013 – Биология мұғалімдерін даярлау
В014 – География мұғалімдерін даярлау
В015 – Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау
В016 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
В017 – Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
В018 – Шет тілі мұғалімдерін даярлау
В019 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
В020 – Арнайы педагогика
В086 – Жалпы медицина
Қозыбаев университетінде шығармашылық дайындықты талап ететін қандай білім беру бағдарламалары бар?
В005 – Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау
В006 – Музыка мұғалімдерін даярлау
В031 – Сән, дизайн
В042 – Журналистика және репортер ісі
В092 – Тынығу
Қозыбаев университетінде арнаулы, шығармашылық және «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» білім беру салалары бойынша емтихан тапсырудың қандай ерекшеліктері бар?
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына оқуға түсуші адамдар өздері таңдаған Қозыбаев университетінде шығармашылық емтиханды тапсырады.
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсетін орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар ескеріледі.
«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» білім беру салалары бойынша Қозыбаев университетіне түсуші адамдар Қозыбаев университетінің қабылдау комиссиясы өткізетін бір арнаулы емтихан тапсырады.
«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» білім беру салалары бойынша Қозыбаев университетіне түсуші адамдар үшін Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі), екі бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.
Оқуға түсуші арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға (орынға) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі.
Бұл ретте арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандар бейне және (немесе) аудио жазбамен жабдықталған аудиторияларда (орындарда) өткізіледі.
«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» білім беру салалары бойынша оқуға түсушілер үшін арнаулы емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанда бағаланады.
Қозыбаев университетінде арнаулы емтиханның өткізу формасы қандай?
В001 – Педагогика және психология: Педагогикалық жағдаятты шешу
В002 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу: Педагогикалық жағдаятты шешу
В003 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі: Педагогикалық жағдаятты шешу
В009 – Математика мұғалімдерін даярлау: Педагогикалық жағдаятты шешу
В010 – Физика мұғалімдерін даярлау: Педагогикалық жағдаятты шешу
В012 – Химия мұғалімдерін даярлау: Педагогикалық жағдаятты шешу
В013 – Биология мұғалімдерін даярлау: Педагогикалық жағдаятты шешу
В014 – География мұғалімдерін даярлау: Педагогикалық жағдаятты шешу
В015 – Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау: Педагогикалық жағдаятты шешу
В016 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау: Педагогикалық жағдаятты шешу
В017 – Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау: Педагогикалық жағдаятты шешу
В018 – Шет тілі мұғалімдерін даярлау: Педагогикалық жағдаятты шешу
В019 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау: Педагогикалық жағдаятты шешу
В020 – Арнайы педагогика: Педагогикалық жағдаятты шешу
В086 – Жалпы медицина: Психометрикалық емтихан
Қозыбаев университетінде шығармашылық емтиханның өткізу формасы қандай?
В005 – Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау: Мамандану бойынша нормативтер + Жалпы дене даярлығы бойынша нормативтер
В006 – Музыка мұғалімдерін даярлау: Орындау шеберлігі + Жалпы музыкалық қабілетін көрсету
В031 – Сән, дизайн: Сурет, кескіндеме + Композиция немесе сызу
В042 – Журналистика және репортер ісі: Шығарма + Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу
В092 – Тынығу: Орындау шеберлігі + Ұйымдастыру-қойылым жұмысының негіздері
Қозыбаев университетінің білім гранттары конкурсына қатысу үшін құжаттарды тапсыру мерзімдері қандай?
Ұлттық бірыңғай тестілеу емтиханын (ҰБТ-ны) электрондық форматта өткізу кезінде шығармашылық емтихан тапсыру үшін оқуға түсушілердің өтініштері Қозыбаев университетінде 2021 жылдың 20 маусымы мен 7 шілдесі аралығында қабылданады.
ҰБТ-ны электрондық форматта өткізу кезінде шығармашылық емтихан Қозыбаев университетінде 2021 жылғы 8-13 шілде аралығында өткізіледі.
ҰБТ-ны электрондық форматта өткізу кезінде талапкерлердің құжаттарын қабылдау және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша Қозыбаев университетіне, «Денсаулық сақтау» білім беру саласы бойынша оқуға түсу үшін арнайы емтихан өткізу 2021 жылдың 20 маусымы мен 20 тамызы аралығында денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының немесе Қозыбаев университетінің Медицина жоғары мектебінің орналасқан жері бойынша Петропавл қаласында жүзеге асырылады.
ҰБТ-ны электрондық форматта өту кезінде білім гранты конкурсына оқуға түсуші жоғарыда көрсетілген қажетті балл саны бар ҰБТ-ның екі нәтижесінің бірімен қатыса алады.
Білім гранты конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші өтініште өзі таңдаған білім беру бағдарламаларының тобын және Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін көрсетеді.
Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда оқуға түсуші Қозыбаев университетіндегі төрт білім беру бағдарламалары тобына дейін көрсете алады.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер 2021 жылғы 13 – 20 шілде аралығында қабылданады.
Қозыбаев университетінде арнаулы, шығармашылық және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша емтихан тапсыру үшін қандай құжаттар тапсыру керек?
Арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласының білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсуші адамдар арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандар тапсыру үшін Қозыбаев университетінің қабылдау комиссиясына мынадай құжаттар тапсырады:
1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (төлнұсқа);
2) 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) ҰБТ сертификаты (бар болса);
5) «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1) тармақшасында белгіленген спорттық разрядтар және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса) тапсырады.
Қозыбаев университетіне білім грантымен оқуға түскісі келетін талапкерлердің құжаттары қалай қабылданады?
Білім гранты конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің https://www.nkzu.kz/ ресми сайтындағы онлайн Қабылдау комиссиясы арқылы немесе Интернеттегі https://egov.kz сайтындағы «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш береді.
Қозыбаев университетінің Интернеттегі ресми сайты: https://www.nkzu.kz/
Сонымен бірге Интернет арқылы https://egov.kz сайтына кіре аламыз.
Интернет арқылы https://egov.kz сайтына кірген кезде «Электрондық үкімет» веб-порталы ашылады.
Одан соң «Электрондық үкімет» веб-порталының жоғары жағындағы «Азаматтарға/бизнеске» бөлімінің «Білім» деген терезесін басу керек.
Әрі қарай сол жақтағы «Жоғары білім» терезесін басамыз.
Сосын «Білім беруге ГРАНТТАРДЫ тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» деген бөлімді басамыз.
Сол кезде «Онлайн сұрау» деген терезе көрінеді, соны басамыз.
Назар аударыңыздар!!!
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш беру үшін әр талапкер ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) кілтін алуы қажет.
ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) кілтін қалай алуға болады?
ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) кілтін Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан (ХҚКО-нан) алуға болады немесе ешқайда барып, әуре болмай-ақ, Интернетке қосылған компьютер (ноутбук) арқылы қашықтан алуға да болады.
Қашықтан ЭЦҚ кілтін қалай алуға болады?
Интернет арқылы https://egov.kz сайтындағы «Электрондық үкімет» веб-порталын ашамыз.
«Электрондық үкімет» веб-порталының орта тұсының сол жағындағы «Сервистер» бөлімін таңдаймыз.
Осы «Сервистер» бөлімінің «ЭЦҚ-ны қашықтан алу» деген бөлімін тауып алып, соны басамыз.
ЭЦҚ-ны қашықтан алу үшін не қажет?
Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ қашықтан ЭЦҚ кілттерін алу үшін:
— Өзімен бірге қолданыстағы жеке куәлігі немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс (Қазақстан Республикасында берілген суретімен жеке куәлік құжаты);
— Кіріс SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігімен ұялы телефоны болуы тиіс;
— Сіздің дербес компьютеріңізде веб-камера болуы тиіс;
— ЭЦҚ-ны одан әрі орнату және пайдалану үшін NCALayer бағдарламалық қамтылымын орнату қажет.
Егер қашықтан ЭЦҚ кілттерін алуда қиындықтар туып жатса, «Электрондық үкімет» веб-порталындағы ХҚКО-ға бармай, қашықтан сәйкестендіру бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының ЭЦҚ кілттерін алу үшін жеке тұлғаның нұсқаулығымен мұқият танысып шығуыңызға болады.
Егер ЭЦҚ-ны қашықтан алуға мүмкіндік жоқ болса, не істейміз?
ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) кілтін Қозыбаев университетінің Қабылдау комиссиясына немесе Шымкент қаласындағы Аймақтық өкілдігіне келіп, сондағы компьютер (ноутбук) арқылы біздің мамандарымыздың көмегімен және қашықтан ЭЦҚ кілттерін алуға да болады.
Қозыбаев университетіне «Серпін» жобасымен қалай оқуға түсуге болады?
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2021-2022 оқу жылына «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберінде студенттерді оқыту үшін 5156 білім грантын бөліп отыр.
Алдағы уақытта осы мақсаттағы білім грантының саны тағы да 500-ге артып, «Серпін» жобасының талапкерлері 5656 білім грантымен қамтамасыз етіледі.
Білім және ғылым министрлігі алдағы уақытта Назарбаев Университеті үлгісіндегі Халықаралық жоғары оқу орнына айналатын қазіргі М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне Оңтүстік өңірлері мен Маңғыстау облысының мектеп түлектері үшін 2021 жылға «Серпін» жобасы бойынша 500 білім грантын бөліп отыр.
Алдағы уақытта «Серпін» жобасымен Қозыбаев университетіне бөлінетін арнайы квота мөлшері көбеюі мүмкін.
Үкіметіміз тарапынан Қозыбаев университетіне оқуға түсетін Оңтүстік өңірлерінің және Маңғыстау облысының түлектеріне мемлекеттік қолдау көрсететін болады.
«Серпін» жобасына қатысушылар жатақханамен, стипендиямен, жылына екі рет емтихан сессиясынан кейін ауылдарына барып-келу үшін жол жүру ақысымен, оқу бітірген соң жұмыспен және баспанамен қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ Қозыбаев университетіне оқуға түскен Оңтүстік түлектері академиялық ұтқырлық жүйесімен білімдерін жетілдіруі үшін оларды АҚШ-тағы Аризона университетіне оқуға жіберу жұмысы жүзеге асырылатын болады.
Қозыбаев университетін «Серпін» жобасымен бітірген түлектерге қандай мемлекеттік көмек көрсетіледі?
«Серпін» жобасымен Қозыбаев университетін бітіріп шыққан Оңтүстік өңірлері мен Маңғыстау облысының жастары Солтүстік Қазақстан облысына жұмысқа орналасқан соң оларға мемлекеттік қолдау көрсету жалғаса береді.
Мысалы, жастарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған 200 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі.
Бұл – қазіргі есеппен 583 400 теңге болады.
Табысы аз, көпбалалы отбасылардың мүшелері, еңбекке қабілетті мүгедектер және жастар гранттар алуда басым құқыққа ие.
Мемлекеттік гранттар қажетті инвентарьді, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды сатып алуға пайдаланылады.
Бұған қоса Қозыбаев университетін «Серпін» жобасымен аяқтаған жастарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдем беріледі.
Атап айтқанда:
— әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу, жұмысқа орналасу және кәсіпкерлік бастамаларға жәрдемдесу мәселелері бойынша кеңес беріледі;
— жастар практикасы ұйымдастырылады;
— алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналастыру мақсатында «Алғашқы жұмыс орны» жобасы жүзеге асырылады.
Қозыбаев университетін бітірген «Серпін» түлектері жұмыспен қалай қамтамасыз етіледі?
2014 жылдан бастап «Серпін» жобасы бойынша М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазакстан университетіне 1546 жас талапкер келіп оқуға түсті. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 5,8 мыңға жуық жас маманды жыл сайын жұмысқа орналастыру көзделген.
Солтүстік Қазақстан облысында «Жастар – Отанға!» жастарды қолдау бағдарламасын іске асыру бойынша нақты 5 бағыт айқындалып, алдағы 5 жыл ішінде кешенді іс-шаралармен жүз мыңға жуық жас қамту жоспарланған.
Солтүстік Қазақстан облысында 14-тен 28 жасқа дейінгі жастар саны 98 910 адамды құрайды, бұл облыс халқының 18,2%-ы. Жоғары және арнаулы орта оқу орындарындағы студент жастардың саны – 18 224 адам.
Негізгі мақсат – жастарды жұмыспен қамту және жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету. Осылайша, жыл сайын кемінде 5,8 мың жастар өкілдерін жұмысқа орналастыру, 1,5 мың жас адамды өз бизнесін ашу дағдыларына үйрету, «Бастау Бизнес» және «Жас Кәсіпкер» жобалары шеңберінде 500-ден астам несие мен грант бөлу жоспарланған.
Осы орайда, өнеркәсіпте жаңа кәсіпорындар құру арқылы жас мамандарға жұмыс орындары ұсынылады.
Биылғы 2021 жылы Петропавлдағы Қозыбаев университетін «Серпін» жобасымен бітіретін 237 студент түгелдей дерлік жұмыспен қамтылады. Осы мақсатта Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпорындарымен келіссөздер жүргізілген.
Қозыбаев университетін бітірген соң Солтүстікте жұмысқа қалған
«Серпін» түлектеріне қандай көмек беріледі?
Қозыбаев университетінде «Серпін» жобасымен жоғары білім алған түлектер «Еңбек» бағдарламасы бойынша еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға қатыса алады.
Атап айтсақ, Оңтүстік өңірлерінен және Маңғыстау облысынан келіп, Қозыбаев университетін бітірген жастар еңбек күшімен қамтамасыз ету, өңірдегі демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында ерікті түрде Солтүстік Қазақстан облысына, оның ішінде Петропавл қаласына қоныс аудара алады.
Бұл бағдарламаға қатысуға «Серпін» жобасының түлектері басым құқыққа ие.
Ол үшін «Серпін» жобасы бойынша Қозыбаев университетін бітірген түлектер, сондай-ақ қандастар шығу өңіріне/мемлекетіне қарамастан өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысады және оқуды аяқтағаннан кейін оқу орны бойынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін өтінім береді.
«Серпін» жобасымен Қозыбаев университетін бітірген түлектер «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысқан жағдайда оларға және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ отбасылық жағдайына қарамастан жалғызбасты адамдарға бір рет отағасына және отбасының әрбір мүшесіне жетпіс АЕК мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі.
Бұл – қазіргі есеппен бір адамға 204 190 теңге болады.
Сондай-ақ «Еңбек» бағдарламасына қатысушы Қозыбаев университетінің «Серпін» жобасы бойынша түлегінің отбасына, оның ішінде жалғызбастыларға он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге материалдық көмек беріледі.
«Еңбек» бағдарламасына қатысушы Қозыбаев университетінің «Серпін» жобасы бойынша түлегі Петропавл немесе Солтүстік Қазақстан облысының басқа да қалалық жерлеріне қоныс аударған жағдайда:
— бір адам үшін 20 АЕК (58 340 теңге) мөлшерінде;
— отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса 25 АЕК (72 925 теңге) мөлшерінде;
— отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 30 (87 510 теңге) АЕК мөлшерінде төленеді.
«Еңбек» бағдарламасына қатысушы Қозыбаев университетінің «Серпін» жобасы бойынша түлегі Петропавл немесе Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жерлеріне қоныс аударған жағдайда:
— бір адам үшін 15 АЕК (43 755 теңге) мөлшерінде;
— отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде 18 АЕК (52 506 теңге) мөлшерінде;
— отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 21 АЕК (61 257 теңге) мөлшерінде төленеді.
Қозыбаев университетіне жалпы конкурс және «Серпін» жобасы бойынша оқуға түсу кезінде қандай жеңілдіктер жасалады?
Қозыбаев университетіне жалпы конкурс және «Серпін» жобасы бойынша бойынша оқуға түсу кезінде:
1) І, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1 пайыз;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5 пайыз;
3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 30 пайыз;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 4 пайыз;
5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 10 пайыз;
7) кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 5 пайыз;
8) кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін – 1 пайыз;
9) бала кезінен мүгедек балаларды, бірінші және екінші топтардағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 1 пайыз қабылдау квотасы көзделеді.
Қозыбаев университетіне оқуға түсетін ауыл жастары үшін білім гранты конкурсы қалай өткізіледі?
Қозыбаев университетіне оқуға түскісі келетін ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін квота көзделген білім беру бағдарламаларының топтарына арналған конкурс мынадай түрде өтеді:
Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша гранттардың жалпы санының 70 пайызы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал гранттардың қалған 30 пайызына конкурс тек ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін өткізіледі.
Қозыбаев университетінің білім гранттары конкурсында басым құқық кімге беріледі?
Қозыбаев университетінің білім гранттары конкурсы өткізілген кезде, сондай-ақ мемлекеттiк тапсырыс бойынша қабылдау кезiнде балдар тең болған жағдайда басым құқық мынадай кезектілік бойынша беріледі:
1) «Алтын белгi» белгiсімен марапатталған тұлғалар;
2) патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградталған адамдардың;
3) колледж бітіргені туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар;
4) Білім және ғылым министрлігі тiзбесiн айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздары, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтар олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары;
5) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастардың қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдар.
Бұл ретте балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары жоғары тұлғаларға беріледі.
Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.
Білім беру грантын беру бойынша басым құқық болмағанда, балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары жоғары тұлғаларға беріледі.
Балдардың көрсеткіштері бірдей және басым құқығы болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балы бірдей болғанда бейіндік пәндер бойынша алған балдары ескеріледі.
Құрметті Оңтүстік өңірлерінің және Маңғыстау облысының мектеп түлектері!
Біз Сіздерді Петропавл қаласындағы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде сапалы жоғары білім алуға шақырамыз!
Құрметпен,
Мырзантай Қожабайұлы Жақып,
Петропавл қаласындағы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Аймақтық өкілі, филология ғылымдарының кандидаты (PhD), қауымдастырылған профессор.