13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Абай ауданында 38 көшеге жарықшам орнату жұмыстары жүргізілуде

23 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Абай ауданында 38 көшеге жарықшам орнату жұмыстары жүргізілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Абай ауданының әкімі Б.Пармановтың қатысуымен брифинг өтті.

Бұхарбай Рысқұлұлы жыл басынан бері аудан аумағында атқарылған жұмыстарды баяндады.

– Абай ауданы бойынша жалпы 34 елді мекеннің 26-сы (80%) мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Қалған 8 елді мекен (20%) жеке меншік транформаторларды пайдаланады. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан 1034 көшенің 73-і (125,8 шақырымды құрайтын) жарықтандырылды. Бүгінгі таңда 1-кезеңдегі 38 көшеге мердігер мекеме «АБМ Билдинг» ЖШС тарапынан жарықшам орнату жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 7 көшеде жарық шамдар толығымен орнатылды, – деді аудан әкімі.

Спикердің сөзінше, аудандағы 453 көпқабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген. 2014 жылдан бері жалпы 222 аула абаттандырылып, 58 спорт алаңшасы салынған. Ағымдағы жылы балалар және спорт алаңшаларын орнату жұмыстарына 1 млрд 389 млн.теңге қаржы бөлінді.

Сонымен қатар, 34 елді мекеннің сапалы ауыз сумен 24-і (71 %), табиғи газ жүйесімен 23-і (73,5 %) қамтылса, 11-і қатты отынды пайдалануда. Ал кәріз жүйесімен қамтамасыз ету 31 пайызды құрап отыр. Самал-1-2-3 шағын аудандарында 119,7 шақырымдық жобаға биыл қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, аудан аумағындағы жалпы 453 көпқабатты тұрғын үйдің 374-і кондоминиум нысаны ретінде әділет департаментінен тіркеуден өткен. Бүгінде қалған 76-сын тіркеу үшін тұрғындардан келісім хаттамалары жиналуда.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте оң экономикалық өсім бар

Next Post

Республикалық «Жас талант» онлайн-конкурсының жеңімпаздары анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі