13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттің стратегиялық даму қарқыны жоғары

23 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттің стратегиялық даму қарқыны жоғары
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков ақпараттық –коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингіне қатысып, 2021 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы қаланың стратегиялық дамуы бойынша атқарылған жұмыстарын қорытындылады.

Жиын барысында Ерғали Дәулетбекұлы БАҚ өкілдеріне өзі жетекшілік ететін тұрғын үй, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы салалары бойынша бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрғысында маңызды салалардың бірі — қаржы саласы. Биылғы түсімдер жоспары 451 млрд 275,4 млн теңгені құрайды. Оның ішінде салықтық түсімдер, салықтық емес және негізгі капиталды сатудан түсімдер мен трансферттер бар.

Жиында атап көрсетілгеніндей, осы жылдың 5 айында жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен басқа да түсімдердің жоспары 121,8 %-ға орындалған. Яғни, жоспар бойынша 54 млрд. 39,6 млн.теңгенің орнына нақты 65 млрд. 820,2 млн.теңге түсіп, 11 млрд. 780,6 млн.теңгеге артық орындалды.

– Бюджеттің шығыстар бөлігін орындау жөніндегі көрсеткіштердің де жаман еместігін атап өткім келеді. Өткен жылдың қорытындысымен 452,7 млрд.теңге бюджет қаржысы игеріліп, жоспарланған меже 99,7%-ды құраған болатын. Бұл біздің қаламыздағы соңғы жылдардағы жоғары көрсеткіш, –деді қала әкімінің орынбасары.

Биыл бюджет шығыстарының басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталып отыр. Оның ішінде бiлiм беру, әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, туризм, ақпараттық кеңістік және денсаулық cақтау салалары. Жалпы бюджеттің игерілуі туралы мәліметтерді қала әкімдігінің және қаржы басқармасының сайтынан көруге болады. Мәліметтер ай сайын жаңартылып отырады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Шымкентте жыл соңына дейін 20 мектеп пайдалануға беріледі

Next Post

Үш жыл ішінде Шымкентке 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі