13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Оtbasy travel» жобасының қатысушылары Шымкентке келді

23 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
«Оtbasy travel» жобасының қатысушылары Шымкентке келді
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін еліміздегі тұңғыш «Otbasy Travel» жобасының қатысушыларын «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығы күтіп алды. Маусым айының басында Батыс Қазақстан облысынан саяхатқа шыққан 4 жанұялық экспедициялық құрам Шымкентке келіп жетті. Олар Рахмановтар, Текебаевтар, Ерсаевтар, Хамзалар отбасы.

30 күнге жоспарланған отбасылық саяхаттың мақсаты – еліміздің тарихи орындары мен республикалық деңгейдегі қорықтарын, Ұлттық парктерін аралап, жас ұрпаққа дәріптеу.

Жоспар бойынша автосаяхатшылар Қазақстанның 13 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларын аралап жалпы 15 мың шақырымды жүріп өтпек.

Адам саяхат жасамайды. Саяхат адамды жасайды. Топ құрамында «Жайық Пресс» ақпараттық агенттігінің басшысы Нұрлыбек Рахманов ерекше бастаманың әсіресе балалардың туған жер туралы танымдық пікір қалыптастыруға септігі мол дейді.

— Бұл сапарды қыс мезгілінде жоспарлаған болатынбыз. Жазғы еңбек демалысын жанұялық достарымызбен келісіп, балаларымызға еліміздің бай тарихын көрсетіп шығуды жөн санадық. Саяхат барысында бүлдіршіндер Қазақстанды жаңа қырынан көріп, ерекше таңданысып жатыр. Сапарымыздың соңғы күндері Шымкент қаласы мен Түркістан облысына тура келді. Бүгін сіздердің қалаларыңызда болып, әрі қарай Ақмешіт үңгіріне жол тартамыз, -дейді Нұрлыбек Нұрланұлы.

«Отан отбасыдан басталады. Отбасы саяхаты – Отаннан басталады». Дәл осындай ұранымен ішкі туризмді насихаттаудың ерекше бастамасын қолға алған жанұя мүшелеріне «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығы ұлттық кәде сыйлар ұсынып, Шымкент қаласының туристік нысандары туралы кең көлемді мағлұмат берді. Енді «Otbasy Travel» жобасының қатысушылары Түркістан, Қызылорда облыстарын аралап Орал қаласына қайтуды жоспарлап отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

«Бозарық» қосалқы станциясы шілде айында іске қосылады

Next Post

Шымкентте жолайрық құрылысының жұмысы қарқынды жүруде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі