13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: ХҚО 5 айда 480 мыңнан астам қызмет көрсетілді

23 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент: ХҚО 5 айда 480 мыңнан астам қызмет көрсетілді
Share on FacebookShare on Twitter

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалында 2021 жылдың бес айында қала тұрғындарына 480 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде 412 452 қызмет қағаз жүзінде, 50 мыңнан астам қызмет – әлеуметтік мәселе бойынша, ал 45 мыңға жуық қызмет жылжымайтын мүлік және жер кадастры саласы бойынша көрсетілген.

Филиал директоры Данабек Исабековтың айтуынша, өзіне өзі қызмет көрсетуге арналған «ConnectionPoint» секторларында жыл басынан бері 45 мыңнан астам консультация мен қызмет көрсетілді.

– Біздің басты міндетіміз – халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру. Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігін ұсыну, азаматтардың уақыты мен ақшасын үнемдеу. Біз халықтың қажет құжаттарын тез әрі ыңғайлы алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Әр бөлімде өзіне өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, онда азаматтар өз бетінше электрондық анықтамалар алып, балабақша кезегіне қоя алады, айыппұл мен мемлекеттік баж салығын төлей алады. Ол үшін ЭЦҚ-ның болуы жеткілікті, оны осы жерде орналасқан ХҚО-да ресімдеуге болады, – деді Данабек Исабеков.

Айта кетe керек, жыл басынан бері шымкенттіктер 70 мыңға жуық ЭЦҚ алды. Сондай-ақ, жыл басынан бері мамандандырылған ХҚО-ларда 148 мың авто қайта тіркелді, ал жүргізуші куәліктері 29 мың рет ресімделген.

Бұған қоса корпорация мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үй жағдайында отырып, мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы алуы үшін жұмыс істеуде. Ол үшін 1414 Бірыңғай байланыс орталығының нөміріне қоңырау шалып, өтінім қалдыру қажет.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Шымкентте жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі артуда

Next Post

«Бозарық» қосалқы станциясы шілде айында іске қосылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі