13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте үш мыңға жуық адам уақытша қоғамдық жұмысқа жолданған

23 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте үш мыңға жуық адам уақытша қоғамдық жұмысқа жолданған
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жұмыссыздықпен күрес мәселесі – әлеуметтік саясаттың маңызды бөлігі. Бұл ретте нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкентте бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда биыл қоғамдық жұмыспен 3000 мыңға жуық адам түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданды.

Соның бірі Шымкентте уақытша жұмыспен қамтылған қала тұрғыны — Феруза Әбдірова. Ол 2020 жылы Шымкент қаласындағы «SILKWAY» Халықаралық университетінде «Бастауыш пәні» мамандығы бойынша тәмамдаған. Былтыр жас маман қалалық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, «Жастар практикасы» бойынша Д.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейіне жолданған. Бағдарламаның мерзімі аяқталған соң, 2021 жылдың ақпан айында аталған мектеп-лицейге бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде «Қоғамдық көмекші» ретінде уақытша жұмысқа жолданды.

— Оқу бітірген соң өз мамандығым бойынша жұмыс істеудемін. Болашақта білікті ұстаз болсам деймін. Сол себепті қаладағы таңдаулы мектептердің бірінде тәжірибе жинақтаудамын — дейді 23 жасар қала тұрғыны.

Жалпы, аталған уақытша жұмысқа орналасуға алты айдан астам есепте тұрған, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алмайтын жұмыссыздар, жұмысы тоқтап тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмегендердің мүмкіндігі бар.

Айта кетсек қазіргі таңда жоспар артығымен орындалып, уақытша жұмысқа жолдама беру әзірге тоқтатылған. Бұл қоғамдық жұмыс — жұмыскерді кәсіптік даярлауға талап етпейді және әлеуметтік бағытқа ие.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Шымкентте апатты деп танылған тұрғын үйлер түбегейлі жаңартылады

Next Post

Шымкентте «Мeyirim.kz» порталында тіркелген 3500-ден аса отбасыға көмек көрсетілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі