13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандағы джаз фестивалінде Игорь Бутман өнер көрсетті

23 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістандағы джаз фестивалінде Игорь Бутман өнер көрсетті
Share on FacebookShare on Twitter

Джаз әлемінің жұлдызы Игорь Бутман — Түркістан драма театрының сахнасында. Түркі әлемінің рухани орталығы — Түркістан тарихында тұңғыш рет джаз фестивалін өткізді. «Turkistan Jazz Party I» гала — концерті Түркістан облысының құрылуының үш жылдығын мерекелеу аясында өтті. Іс — шара барысында жиналған 1 миллион теңге көлеміндегі қаражат «Аружан Саин» қайырымдылық қорына аударылады. Джаз – көңіл-күй мен толқуға толы музыка. Джаз — бұл импровизация, мағыналы композиция ғана емес, жалпы ойлау тәсілі. Тек кәсіпқойлар игере алатын орасан зор еңбек. Кеш бағдарламасында «X BAND», «Дара», «Американо Бэнд», Гаухар Саттарова және STEPS тобы, Жанна Орынбасарова мен Band секілді танымал орындаушылар мен аты аңызға айналған джаз саксофоншысы Игорь Бутман өнер көрсетті. Игорь Бутман — ресейлік саксофоншы, Таганкадағы Мәскеу джаз клубының көркемдік жетекшісі, Butman Music орыс-америкалық джаз этикеткасының иесі. 11 халықаралық фестивальдың продюсері. Жанды дауыста өнер көрсеткен джаз әуесқойлары көрермендерге сергектік пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Айта кетейік, бұдан былай «Turkistan Jazz Party» Джаз фестивалі Түркістанда жыл сайын өткізілетін болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz.kz13кзТуркестанская область
Previous Post

Түркістан облысының дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды

Next Post

Түркістан облысында 800 мыңға жуық адам ПТР тест тапсырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі