13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сауран ауданында 700 орындық мешіттің құрылысы басталды

23 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Сауран ауданында 700 орындық мешіттің құрылысы басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Жаңадан құрылған Сауран ауданы, Ескi Иқан ауылдық округіне қарасты Достық ауылында жаңа мешіттің  құрылысы басталды. Демеушілердің көмегімен салынып жатқан мешіттің жалпы алаңы 360 шаршы метрді құрайды. Мешіт құрылысына демеушілік жасап отырған Түркiстан қаласының тұрғыны, кәсіпкер Саид Бөрібайұлы.

Жоба бойынша мешітте 700 адам бір мезетте намаз оқи алады. Жаңа мешіт  осы жылдың аяғында аяқталады деп  жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, медресе мен автотұрақ салынады деп көзделуде.

Өздеріңізге белгілі, 2018 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Түркістан облысын құру туралы» Жарлыққа қол қойып, осылайша, Елбасы қабылдаған стратегиялық шешім күллі түркі жұртының рухани астанасы болған Түркістанның қайта түлеуіне үлкен серпіліс берді. Ағымдағы жылғы 12 наурыздағы Жарлығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орталығы Шорнақ ауылында орналасқан, құрамына 12 ауыл округі енгізілген  Сауран ауданы құрылған болатын. Бұл – үлкен жеңіс, тарихи оқиға. Аудан орталығы Шорнақ ауылы болатын жаңа ауданның әкімшілік-аумақтық құрамына Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтері кірді.

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

«Түркістан - түркі әлемінің бесігі» атты түркі елдерінің жастар саммитінің пленарлық отырысы өтті

Next Post

Түркістан облысында тұңғыш рет «Оiqazan» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды 

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі