13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Шымкент : «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының кеңейтілген мәжілісі өтті

22 июня, 2021
in Cаясат
0
Шымкент : «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының кеңейтілген мәжілісі өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қалалық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаеваның төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының аппараты мен қалалық мәслихаттағы фракция мүшелерінің кеңейтілген мәжілісі өтті.

Мәжілістің күн тәртібінде  партияның аймақтық филиалы мен фракция мүшелерінің алдағы кезеңге арналған  қоғамдық-саяси және идеологиялық міндеттері, фракция мүшелерінің партия жарғысын орындауы мен партия этика кодексіне сәйкес міндеттері, Шымкент қалалық мәслихатындағы фракция жұмысын жандандыру туралы мәселелер қаралды.

Жиында Партияның Мәслихаттағы фракциясының жұмысын барынша күшейту және қалалық партия филиалы аппаратымен тығыз байланысты нығайту жолдары талқыланып, Сайлауалды бағдарламаның орындалуы мен халықтың талап-тілегін қанағаттандыру тетіктері ортаға салынды.

Мәжілісте  қалалық партия филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов Партияның аймақтық филиалы мен фракция мүшелерінің алдағы кезеңге арналған  қоғамдық-саяси міндеттерін баяндап, фракция депутаттарының партиялық жауапкершілігін түбегейлі  күшейту мәселелерін жеткізді.

Сондай-ақ, Фракция мүшелерінің партия жарғысын орындауы мен партия этика кодексіне сәйкес міндеттеріне тоқталған  партиялық бақылау инспекторы Бағдат Искаков Шымкент қалалық мәслихатындағы 30 депутаттың 23-і «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі екендігін хабарлап,  фракция мүшелерінің негізгі функциялары мен құзыреттіліктерін баяндады.

Кеңейтілген мәжіліс соңында Шымкент қалалық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Әлібекқызы Партия алдында сайлау алды бағдарламада көрсетілген 149 іс-шараны сапалы орындау, стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және іске асыру міндеті тұрғанын  жеткізіп, Шымкент қалалық мәслихатындағы фракция жетекшісіне және мүшелеріне бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзЖанар БектаеваШымкент“Nur Otan” партиясы
Previous Post

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің маңыздылығы қандай?

Next Post

Түркістан облысында балалар туризмі қарқын алуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі