13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан аумағында жаңа су қоймалары салынуда

19 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан аумағында жаңа су қоймалары салынуда
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы «Farab» кітапханасының арнайы алаңында Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте журналистердің сұрағына жауап берді. Киелі шаһардың экологиялық ахуалын жақсарту бағытында ірі су нысандарының құрылыстары қолға алынды. Нәтижесінде, АШТӨ-не 200 млн.м3 ағын су қосымша жеткізіледі.

Түркістан магистралды каналында  жүргізілген күрделі жөндеу нәтижесінде 60 млн.м3 су үнемделіп, 8 шақырым қала аумағы абаттандырылады. Бұрын ағын су 43 %-ға фильтрациялық шығынға ұшыраса, бүгінгі күні  36 шақырым каналды бетондау жұмыстарының нәтижесінде 22 млн.м3 су үнемделіп отыр. қала аумағындағы 1,5 шақырым канал бойы абаттандырылды.

«Қолға алынған «Жетікөл көлдер жүйесін жаңғырту» жобасы аясында бөгет 34 шақырым ұзындыққа көтеріліп, биылғы жылдың өзінде 250 млн.м3 су жинақталды. Бұл жоба алдағы уақытта Түркістан өңірінің экологиялық жағдайын жақсартуға оңды ықпалын тигізеді. Бүгінгі күннің өзінде көл аумағының фаунасы өзгеріп, табиғи құстар шоғыры пайда болғанын байқауға болады. Бұдан бөлек, «Сырдария өзенінен машиналық арна салу» және «Сарқырама» су қоймасын салу жобалары әзірленуде. Бұл жобалар Түркістан өңірін кепілді ағын сумен қамтамасыз етудегі маңызы өте жоғары болып табылады»,-деді Өмірзақ Шөкеев.

Жаңадан салынған «Кеңсай — Қосқорған — 2» су қоймасы арқылы 34 млн.м3 ағын су жеткізіледі. Қазіргі таңда үлкен дамбы биіктігі 26 метрге дейін көтеріліп, 40 % бетонмен қапталды. Нәтижесінде, биылдың өзінде көктемгі тасқын сулар ысырабына жол берілмей 5 млн.м3 су жинауға мүмкіндік берді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

«Қасқасу» тау шаңғысы курортында 5 мың жұмыс орны құрылады

Next Post

Түркістан: 700-ден астам елді мекен ауыз сумен қамтылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі