13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысының дәрігерлері марапатталды

19 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысының дәрігерлері марапатталды
Share on FacebookShare on Twitter

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Түркістан облысының дәрігерлері марапатталды. Облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, жұмыста табыс тіледі. Жиында біліктілігі және кәсібилігімен көзге түскен дәрігерлер «Үздік хирург» номинациясына облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігерінің хирургия бойынша орынбасары Мақсұт Аймағамбетов, «Үздік терапевт» Бағила Таштаева ие болды. «Үздік акушер-гинеколог» №1 Облыстық перинаталдық орталығының акушер-гинеколог дәрігері Абдысаттар Дуйсенов болса,  «Үздік педиатр» Бакыт Есиркепова мен  «Үздік жалпы тәжірибе дәрігері  Төлеби аудандық ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігері Лола  Шаншарова марапатталды. Сондай-ақ, «Үздік медициналық мекеме» Түркістан Облыстық балалар ауруханасы атанды.

«Бүгінде бүкіл ел ұстамдылықты талап ететін күрделі кезеңді бастан кешуде. COVID-19 індетінің таралуы тек денсаулық сақтау жүйесінің ғана емес, елдің экономикалық және адами ресурстарының да беріктігін сынауда. Дейтұрғанымен, біз қиын кезеңдерді еңсердік», – деді облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов өз сөзінде.

Жиынға медицина саласының менеджерлері мен дәрігерлер қатысты. Аймақта бүгінде  жалпы 23 429 медицина қызметкері бар. Оның 5000-нан астамы дәрігерлер, қалғандары орта буын мамандары. Ақ жейделі жандардың ерен еңбегінің арқасында өңірде қауіпті індетті жұқтырған 6 324 науқас толық жазылып шыққан. Дәрігерлердің ерлігі мемлекет тарапынан лайықты бағалануда. Былтыр ерекше еңбегімен көзге түскен  медицина қызметкері Мемлекет басшысының шешімімен «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға көбейіп, дәрігерлердің орташа жалақысы 271 мың теңгеге, ал орта медициналық қызметкерлер жалақысы 162 мың теңгеге дейін өсті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Түркістанда тұрғындарға қызмет көрсететін орталықтар ашылады

Next Post

Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі