13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте алимент борышкерлеріне бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

18 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте алимент борышкерлеріне бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы мен қалалық жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы алимент борышкерлеріне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды. Мұндағы мақсат – жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, кеңес беру немесе жұмыс іздеуші ретінде тіркеу.

– Жәрмеңкеге 50-ден аса азамат қатысты. Оларға қала аумағында орналасқан 10-ға жуық кәсіпорын мен мекемелерден 200-ге жуық бос жұмыс орны мен жұмыспен қамту орталығы тарапынан 1 382 бос жұмыс орны ұсынылып, кеңес берілді, – деді жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы А.Қабылбек.

– Атап өту керек, борышкерлер ұсынған жұмыстан бас тартса немесе халыққа қызмет ету орталықтарына келмесе, ол атқару құжаттың орындауынан жалтару деп саналады және Заңмен көзделген әкімшілік немесе қылмыстық іске тартуға негіз болып табылады, – дейді Шымкент қалалық жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары А.Сартбаева.

Жалпы, жәрмеңке нәтижесінде 47 борышкер жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, 15-сі тұрақты жұмысқа жолдама алды.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте ауыл шаруашылығы бағытында 8 жоба іске қосылды

Next Post

Түркістанда тұрғындарға қызмет көрсететін орталықтар ашылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі