13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Арыста «Тең қоғам» орталығы жұмысын бастады

18 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Арыста «Тең қоғам» орталығы жұмысын бастады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының Арыс қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы заманауи орталық ашылды. Бұрын той өткізу мақсатында салынған ғимарат иесі нысанды қала тұрғындарының мәдени-танымдық, спорттық сергіту орталығы ретінде пайдалануға берді. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың бастамасымен тойхана қайта құрылымдаудан өткізіліп, қосымша құрылыстар жүргізілді. Сөйтіп, зағип жандар мен құлақ мүкісі бар, жалпы мүмкіндігі шектеулі қоғам мүшелерінің бір сәт көңіл сергітетін заманауи орталығы ретінде іске қосылды. Бұл жерде көзделген негізгі мақсат мүмкіндігі шектеулі жандарға медициналық емес сауықтыру шараларымен олардың өмірлік белсенділігін арттыру, психологиялық көмек көрсету арқылы тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларға бейімдеу болып табылады. Орталыққа келгендер кітап оқу алаңында еркін тақырыпта ізденіп, интернет алаңында компьютермен жұмыс істей алады. Бұрынғы той сарайы енді мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетеді. Спорт бұрышында физикалық дене жаттығуларын жасайды. Ал қолөнер бұйымдары бұрышында түрлі кәдесыйларды жасауды үйреніп, зағиптарға арналған үстел тенисінде бір сәт көңіл сергітеді. Сонымен қатар, мұнда йога орталығы да жұмыс істейді. Оған қоса, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ сынды ұлттық зияткерлік ойын түрлерін ойнап, үйренуге барлық жағдай жасалған. Ғимарат аумағында мүгедектер арбасына таңылған жандардың еркін кіріп-шығуы үшін арнайы пандустар салынған. Ғимараттың екінші қабатында оқу залы мен зағиптарға арналған Брайль әліпбиі негізінде жазылған әлемдік және қазақ классиктерінің көркем шығармалар жинағы да топтастырылған. Сондай-ақ, шығармалардың аудио нұсқадағы үлгісі де келушілердің назарына СD-дискі түрінде ұсынылады. Көңілі қалаған адам кітапхана қызметкеріне жаздырып алып, үйіне кетіп тыңдауға беріледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Созақтық қариялар киелі орындарға экскурсия жасады

Next Post

Демеушілер қала күніне екі спорт алаңшасын тарту етті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі