13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Оқушыларға арналған «Жас лидер академиясы» атты бағдарламасы басталады

17 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Оқушыларға арналған «Жас лидер академиясы» атты бағдарламасы басталады
Share on FacebookShare on Twitter

Болат Өтемұратов Қоры Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әкімдіктерімен бірлесе отырып «Жас лидер академиясы» бағдарламасын іске қосуда. Бағдарламаның мақсаты — 5-11 сынып оқушылары арасында көшбасшылық қабілеттерді қолдап, дамыту және мектепте оқытпайтын, бірақ сұраныстағы дағдыларды үйрету.

Қарым-қатынас дағдылары, аудитория алдында сөйлеу, уақытты жоспарлау және басқару, өзін-өзі таныстыру және өзіне деген сенімділікті дамыту — мұның бәрі балаларға «Жас лидер академиясы» бағдарламасында оқытылатын болады.

«Жас лидер академиясында» оқуды бірінші болып Шымкент, Түркістан қалалары мен Түркістан облысының 5-11 сынып оқушылары бастайды, бұл 15000-нан астам бала. Алдағы бес жыл ішінде бағдарламаға Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Алматы облыстары біртіндеп қосылады, ал бағдарламаның жалпы бюджеті 5 миллион АҚШ долларын құрайды.

«Белсенді азаматтық ұстанымы мен заманауи көзқарасы бар жас көшбасшылар — уақыт талабы. Сондықтан, ғаламдану жағдайында жас ұрпақтың бәсекелестік артықшылыққа ие болуы мақсатында қазіргі заманғы жастардан мықты көшбасшыларды тәрбиелеу өте маңызды», — деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шукеев.

Оқушыларға қарым-қатынас, критикалық ойлау негіздерін, көпшілік алдында сөйлеу және келіссөз жүргізу дағдыларын тиімді пайдалануды үйретеді. Факультативті сабақтар, ай сайынғы кездесулер, шеберлік сыныптар, танымал тұлғалардың қатысуымен көшбасшылық тренингтер және үздік оқушылар марапатталатын жыл сайынғы конференциялар жоспарланған.

Жас, табысты қазақстандықтар – Әли Оқапов, «Mezzo» тобы және Дана Ақылбекова бағдарламаны қолдап, лидерлік қасиеттерді дамытудың маңыздығы туралы ойларымен бөлісті:

https://www.youtube.com/watch?v=nEa61G8OKCI

«Балалар «Жас лидер академиясына» қосылу үшін жаңа оқу жылының басталуын асыға күтеміз. Бұл кешенді бағдарлама арқасында біз бірнеше жылдан кейін жастар арасында белсенді өмірлік ұстанымы бар, көздері ашық, өздерін көрсете білетін, дарынын тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемге жариялай алатын көшбасшылар тобын қалыптастырамыз», — деді Марат Айтмағамбетов, Болат Өтемұратов Қорының директоры.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістан: Түлкібас ауданында «Дәрігерлер аллеясы» ашылды

Next Post

Түркістан: Мақтааралдық түлектер Абай Құнанбаевтың ескерткішін орнатты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі