13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шаралары талқыланды

16 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шаралары талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі М. Әйтеновтің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шараларының барысы жөнінде жиын өтті.

Басқосуға ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Сержан Сихымбекұлы, «SHYMKENT» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Канкин және кәсіпкерлер қатысты.

Шымкент қаласында жыл басынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 106,2 пайызды көрсетті. Бұл көрсеткішпен қала республика бойынша 11 орында тұр.

Жалпы 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар іске асуда. Бұл ретте тұрақтандыру қорымен кәсіпкерлік субъектілеріне айналымға қарыз қаражат беріліп, келісім-шарттар түзілді.

Атап айтқанда, ірі сауда желілері – «Грамад» (800 млн.тг) 12 тауар түрі, «Фиркан» (300 млн.тг) 11 тауар түрі, «Magnum Cash&Carry» (1 млрд.тг) 19 тауар түрімен қамтылды. Жергілікті тауар өндірушілері – «TURAR» ЖШС (I сұрыпты ұн нан бағасын тұрақтандыру – 505 млн.тг), «Шымкент құс» ЖШС (I санатты жұмыртқа 200 млн.тг), «Hermes» ЖШС (көкөніс өнімдері – 128 млн.тг), «Юпекс» ЖШС (құмшекер – 500 млн.тг), «Момбетчеев» ЖК (күнбағыс майы – 200 млн.тг) және «Қасқасу-С» шаруа қожалығына (сиыр еті – 200 млн.тг) айналым қаражаты берілді .

Бұдан бөлек, қаладағы ірі шаруашылықтар — «Бәйтерек Агро» ШҚ-на (200 млн. тг), «Керемет-Сапа» ШҚ-на (100 млн.тг) тұрақтандыру қорының айналым механизмі бойынша қарыз қаражатын беру жоспарлануда. Жоспарға сәйкес, аталған кәсіпкерлік нысандармен келісімшарттар түзілген жағдайда ет, көкөніс өнімдері және I сұрыпты ұн сауда желілерінде белгіленген бағада сатылатын болады.

Сонымен бірге, қаланың 4 ауданында, халық тығыз орналасқан аймақтарда әлеуметтік дүкендерді көптеп ашу көзделген. Қаладағы жергілікті тауар өндірушілерді және шаруа қожалықтарды қолдау мақсатында және азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары аясында апта сайын 4 ауданда («Фосфоршылар» мәдениет үйінің алды, «Қажымұқан» атындағы орталық стадион аумағы, «1000 ұсақ-түйек» сауда қатары, «Рахима Плаза» сауда орталығының жаны) азық-түлік жәрмеңкелері өткізіліп жүр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: Шымкент
Previous Post

Шымкент: Туризмді дамытуға арналған жобалар таныстырылды

Next Post

Шымкентте көркем гимнастикадан ҚР чемпионаты бастау алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі