13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 2000-ға жуық жұмыскердің жалақы қарыздары төленді

16 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 2000-ға жуық жұмыскердің жалақы қарыздары төленді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М. Исахов мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бес айдағы атқарған жұмыстарының нәтижелерін баяндады.

Мақсұт Пернебайұлының мәлімдеуінше, жыл басынан бері жұмыскерлерден 488 арыз-шағымдар мен түсіндірме беру жөнінде өтініштер қаралып, тиісті жауаптар берілген. Мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан 76 тексеру жүргізіліп, 89 заңбұзушылық анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша 4,1 млн теңге көлемінде 23 әкімшілік айыппұл салынып, 2,7 млн теңге айыппұл өндірілген.

– Мемлекеттік еңбек инспекторларымен атқарылған жұмыстар нәтижесінде жыл басынан бері 33 кәсіпорындағы 1959 жұмыскердің 151,2 млн теңге көлемінде жалақы қарыздары төленіп, жұмыскерлердің әлеуметтік құқықтары қорғалды. Сондай-ақ, жыл басынан бері 12 жазатайым оқиға тіркелді. Жалпы 19 адам зардап шеккен, оның ішінде ауыр жарақат алғаны — 11, жеңіл жарақат алғаны – 7, қайтыс болғаны – 1 адам. Орын алған жазатайым оқиғалар бойынша арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, полиция департаменті мен басқармаларға жолданды, – деді қала әкімінің орынбасары.

М. Исахов қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының атқарған жұмыстарын да атап өтті. Басқарманың бастамасымен 5 айда жалпы 36 талап-арыздар мен хаттамалар азаматтық іс сот қарауына жолданып, жыл басынан бері 8 ғимарат бұзылған. 6 нысан соттың шешімімен мәжбүрлі түрде, 2 нысан меншік иелерімен өз бетінше бұзылды.

Сондай-ақ, жұмыстарын өз деңгейінде атқармағаны үшін 12 техникалық қадағалаушы және 2 авторлық қадағалаушы сарапшыларға жалпы 2520 АЕК (7 355 840 теңге) айыппұл салынып, аттестаттары 6 ай мерзімге тоқтатылды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

V жастар спорттық ойындарында шымкенттіктер екінші орында келеді

Next Post

Шымкенттегі шағын аудандарда 11 базалық станция орнатылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі