13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

М.Әйтенов: Мектеп пен балабақшаға барар жолдарды жарықтандыруымыз керек

16 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
М.Әйтенов: Мектеп пен балабақшаға барар жолдарды жарықтандыруымыз керек
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында көшелерді жарықтандыру бойынша атқарылған жұмыстардың есебін тыңдады.

Жалпы, Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің (1758 шақырым) 220 көшесі (516,7 шақырым) жарықтандырылған.

Өткен жылы 43 көше (87 шақырым) жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 25,5 %-дан 29,5 %-ға өсті. Сонымен қатар, мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында 2021-2023 жылдары 303 көшені (520 шақырым) жарықтандыру жоспарланып отыр.

-Көшелерді жарықтандыру қаламыздың түнгі көркін аша түсетіні сөзсіз. Көркінен бұрын халықтың көңіл күйі мен қауіпсіздігі үшін аса маңызды. Әсіресе мектептер пен балабақшаларға баратын жолдардың жарық болуы шарт. Осыны естен шығармаңыздар. Жұмыстарды уақытылы әрі сапалы орындауды тапсырамын және қадағалап отырамын — деді қала әкімі.

2021-2023 жылдарға арналған жарықтандыру жобасының құны – 16,4 млрд теңге. Жоба аясында энергия үнемдейтін LED шамдарын сондай-ақ, тозған бағаналарды жаңасына ауыстыру 100 %-ға орындалып, диспетчерлік орталық құру арқылы бір орталықтан басқаруға қол жеткізілмек.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде қалада жарықтандыру көрсеткіші 70 %-ға жететін болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Кентау индустриялық аймағында 3 жоба толығымен жүзеге асырылды

Next Post

Шымкент: Жас программистер марапатталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі