13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қала бюджетінің көлемі ұлғайтылды

15 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Қала бюджетінің көлемі ұлғайтылды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы мен кезекті алтыншы сессиясы өтті. Сессия отырысына Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.

Сессияға депутат Албина Елшиева төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

Сессияның күнтәртібінде бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Шымкент қалалық әкімдігінің және қалалық тексеру комиссиясының 2020 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есептері тыңдалды. Сондай-ақ, «2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралып, тиісті шешім қабылданды.

Мұнан бөлек Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалу барысы қаралды.

Жиында депутаттар халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, оңалту шаралары және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасына өзгеріс енгізу туралы мәселені қарады.

Сонымен қатар Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының есептері тыңдалды.

Мұнан бөлек сессия барысында қала әкімдігінің жанындағы салалық комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді.

Басқосудың соңында қала әкімі Мұрат Әйтенов сөз сөйлеп, сессияны қорытындылалы.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте 500-ге жуық оқушы "Алтын белгі" иегері атанды

Next Post

Шымкентте жұмыссыздық деңгейі төмендеген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі