13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Жетісайда цех тәулігіне 2 мың дана аяқ киім шығарады

14 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Жетісайда цех тәулігіне 2 мың дана аяқ киім шығарады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Жетісай ауданында тәулігіне 2 мың жұп аяқ киім шығаратын цех жұмыс істейді. «Ұлықбек» жеке кәсіпкерлігінде бүгінде 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Онда аяқ киімнің 6 түрі өндіріледі. Пресс-тур барысында БАҚ өкілдері аталған мекемеде болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Кәсіп иесі Ұлықбек Әбдірахманов алдағы уақытта мемлекеттік қолдауды пайдаланып, бизнес аясын кеңейтуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

«Бұл цехты ашқанға дейін 10 жылдай аяқ киім алып-сатумен айналысып келдім. Сосын неге өзіміз осындай тауарды өндірмеске деген ой келді. Көп ұзамай жоспар құрып жергілікті әкімдікке қарасты кәсіпкерлік бөліміне ұсыныс білдірдім. Ондағы мамандар маған бірден қолдау білдіріп, осындай шағын кәсіпорын аштық. Жұмыс ойдағыдай, тауарға деген сұраныс жоғары. Ендігі жоспар өнім түрін арттыру болып отыр», – деді Ұ.Әбдірахманов.

Өндірісте пайдаланылатын шикізаттар Ресей және Өзбекстан елдерінен жеткізіледі. Ал, дайын өнім еліміздің барлық өңірлеріне жөнелтіледі. Айта кетейік, жалпы ауданда аяқ киім шығарумен айналысатын бұдан бөлек тағы 2 кәсіпорын бар.

Сондай-ақ, тілшілер қауымы Жаңа Дала ауылындағы бақша дақылдарын егумен айналысатын «Рахман» шаруа қожалығының жұмысына да қанықты. Аталған қожалықтың иелігінде 7,5 гектар жер болса, оның 1,5 гектарына — қырыққабат, 3 гектарына — болгар бұрышын, қалған жеріне қарбыз егілген. Шаруа Руслан Құдайқұлов биылдан бастап өзіне тиесілі егістік алқабына тамшылатып суару әдісін енгізіпті. Нәтижесінде бұрынғыдан молырақ өнім алуға мүмкіндік туғанын айтады. Қазіргі таңда, кәсіпкер өнімдерін Ресейден бастап, еліміздің барлық өңірлеріне жөнелтуге дайындап жатыр. Айта кетейік, бүгінге дейін аудан диқандары ерте пісетін 1700 тонна қарбыз, және 170 тоннаға жуық қауын жинап үлгерген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Previous Post

Шымкент: Шалғайдағы елдімекендер де сапалы интернетпен қамтылады

Next Post

Түркістан: Жасыл желекке жауаптыларға жүктелген міндет еселенді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі