13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Үшінші мегаполисте жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде

14 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Үшінші мегаполисте жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде
Share on FacebookShare on Twitter

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасовтың қатысуымен брифинг өтті.

Баспасөз мәслихатында Ержан Жақсылықұлы қаладағы жол құрылысына қатысты мәліметтерді баяндады.

– Жол жөндеу жұмыстары орташа, күрделі және қайта құру бойынша жүзеге асырылады. Орташа жөндеу негізінде шалғай және ішкі орамдағы көшелерге басымдық берілді. Осы орайда, 139 нысанның 36-сы аяқталып, 52-де жұмыстар атқарылуда. Күрделі жөндеу 4 нысанның 1-де аяқталып (Бадам ш/а), қалған 3-де іске асуда (Жайлау т/а, Ақжайық, Достық-2 ), – деді басқарма басшысы.

Спикердің сөзінше, қайта құру жұмыстары бойынша 5 нысанның 1-де (А2 4-этап) жер телімдерін мемлекеттің мұқтаждығына қайтару және 3-де жөндеу жұмыстары жүріп жатыр (Бекжан, А2-1этап, А2-2этап). Ал 1 нысанның жобасына өзгеріс енгізілуде (Адырбеков). Сондай-ақ, бүгінде мердігер мекеме «Корпорация Береке-А» ЖШС-мен келісім-шарт арқылы жасалған күрделі жұмыстар 98 пайызға игерілген.

Брифинг барысында Ержан Жақсылықұлы жол құрылысымен қатар қоғамдық көліктерге де тоқталды. Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, Шымкент қаласында жолаушылар тасымалдауда 18 жекеменшік көлік компанияларының 882 қоғамдық көлігі күнделікті қалаішілік 79 маршрутта қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда қоғамдық көліктердің 80 пайызы жаңартылған.

Айта кетейік, жоспарға сәйкес сатып алынған 590 автобустың 300-і қолданысқа берілген. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін толыққанды аяқталады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Tags: Шымкент
Previous Post

Шымкент: «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында 250-ден астам нысан сәйкестендіріледі

Next Post

Шымкент: Шалғайдағы елдімекендер де сапалы интернетпен қамтылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі