13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Жас ұлан» мектебінің түлектері мемлекеттік емтихандар мен ҰБТ тапсырды

14 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Жас ұлан» мектебінің түлектері мемлекеттік емтихандар мен ҰБТ тапсырды
Share on FacebookShare on Twitter

Кеңес Одағының Батыры, генерал Сабыр Рахимов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің 210 түлегі мемлекеттік емтихандар мен ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды.

Мемлекеттік емтихандар барысында олар эссе, алгебра бойынша бақылау жұмысын жазды, сондай-ақ Қазақстан тарихын, мемлекеттік немесе орыс тілдерінен тестілеуден өтті.

Емтихандармен қатар, оқушылар ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізудің алғашқы мүмкіндігін қолданды. Биыл алғаш рет ол офлайн-форматта өтуде, түлектерге екі рет тест тапсыруға мүмкіндік берілді.

Әскери мектеп оқушыларының көпшілігі 100 балл жинап, шекті деңгейден өтті. Үздік нәтижені 131 балл алған ұлан Мағжан Серікбай көрсетті. Ол алдағы уақытта Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанты болғысы келеді екен.

– Мен тестілеуге қызу дайындалдым, сондықтан жақсы балл жинадым. Әрине, толқулар болды. Бірақ мен өзімді қолға алып, біз үшін алаңдап, үлкен үміт артқан туыстарымды, оқытушыларым мен командирлердің сенімін ақтауға барынша тырыстым, – деп бөлісті түлек.

Тест нәтижелері балаларды дайындауға жауапкершілікпен қарайтын мектептің басшылық және оқытушылар құрамының кәсібилігін тағы да растады.

«Жас ұлан» түлектері Қарулы Күштердің жоғары әскери оқу орындарына, сондай-ақ басқа да ведомстволардың жоғары оқу орындарына, оның ішінде шетелдерге түсуге ниетті.

Әскери мектеп қабырғасында оқыған жастар екі жыл ішінде дене бітімін нығайтып, жауапкершілікті және тәртіпті болуды үйренді, әскери істің қыр-сырын игерді. Барлық емтихандар мен тестілерді аяқтағаннан кейін оларға жалпы орта білім туралы аттестаттар беріледі.

Шымкент гарнизоны баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзЖас ұланШымкент гарнизоны
Previous Post

Ордабасы: 5 айда ауыл шаруашылығы өнімі 14 млрд. теңгеге жетті

Next Post

Шымкент : «Жас ұлан» мектебінің ұстаздары түлектерге сәт- сапар тіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі