13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент қаласында 7 негізгі макрокөрсеткіштер бойынша оң өсім байқалды

12 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент қаласында 7 негізгі макрокөрсеткіштер бойынша оң өсім байқалды
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2021 жылғы қаңтар-мамырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары жария етілді.

Ұлттық экономика министрі Әсер Ерғалиев Қазақстан экономикасы оң өсім көрсетіп отырғанын атап өтті.

Әсет Арманұлының айтуынша, құрылыс секторында жоғары өсім байқалды. Атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 11,3 пайызға ұлғайған. Бұл ретте Шымкент қаласында құрылыс 15,3 пайызға артқан.

Биылғы қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша республикада 4,6 млн шаршы метр (12,5 пайызға артты) пайдалануға берілді. Ең жоғарғы өсім Шымкент қаласы, Атырау және Павлодар облыстарына тиесілі.

Шымкент қаласында тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 70,9 пайызға артқан.

Ал қаңтар-мамыр айларының қорытындылары бойынша Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласы барлық 7 негізгі макрокөрсеткіштер бойынша әлеуметтік-экономикалық даму өсімін қамтамасыз етті. Яғни, үшінші мегаполисте қайта өңдеу, ауылшаруашылығы, құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру, сауда, көлік және жеке инвестиция салаларында жоғары өсім бар.

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне мемлекеттік органдармен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, азық-түлік өнімдерін өндіруді ынталандыру және ішкі нарықты толықтыру бойынша пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Шымкент: «Металлург» стадионын қайта құру жұмыстары жүргізілуде

Next Post

Шымкент көшелерін жарықтандыру жобасы жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі