13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

#Аulafit жобасы Түркістан облысында

12 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
#Аulafit жобасы Түркістан облысында
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

#AulaFit жобасы Түркістан облысында бастау алды. #AulaFit – спорт өз аулаңда деп аталатын жаңа жоба Бокстан олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиевтің қолдауымен жүзеге асқан. Осылайша, қазақстандықтар өз аулаларында кәсіби жаттықтырушылармен ақысыз негізде спортпен шұғылдану мүмкіндігіне ие болды.

Жоба алғаш болып Кентау қаласында ұйымдастырылды. Спорттық шараның ашылуына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Кентау қаласындағы 44 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы спорт және балалар ойын алаңшасымен толықпақ. Бүгінде алты алаңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Спорт алаңшалары балалардың салауатты өмір салтын ұстануына сентігін тигізері сөзсіз. Жаңа жоба көлемінде кентаулықтар өз ауласында кәсіби жаттықтырушылармен ақысыз негізде спортпен шұғылдануға және спорттық іс-шараларға қатысуға мүмкіндік алды.

Жалпы, Кентау қаласында бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2019 жылы – 8 штаттық бірлікте жаттықтырушы, 2020 жылы – 11 штаттық бірлікте жаттықтырушы және 2021 жылы – 5 штаттық бірлікте спорт нұсқаушылары жұмысқа қабылданып, спортпен шұғылданушылар саны жыл сайын артуда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістан: Жолдың сапасы қатаң бақылауда

Next Post

Түркиялық дәрігерлер Түркістанда ақысыз ота жасауда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі