13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі елге қызанақ пен бұрыш әкелуге тыйым салды

9 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Ауыл шаруашылығы министрлігі елге қызанақ пен бұрыш әкелуге тыйым салды
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешініндегі мемлекеттік инспекция комитеті 2021 жылдың 7-маусымынан бастап Түркменстан аумағынан қызанақ пен бұрыш өнімдерін әкелуге тыйым салып, уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды енгізді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. Бұл – қызанақ пен бұрыштан карантиндік организмдердің анықталу жағдайларының жиілеуіне байланысты енгізілген шаралар.

Түркменстанның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік қызметінің фитосанитариялық сертификаттарының сүйемелдеуімен Қазақстанға жеткізілетін қызанақтарға карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде «қоңыр әжім» вирусының (Tomato brown rugose fruit virus (ToBRFV) 19 дерегі анықталды.

ISPM № 13 «Сәйкессіздік және шұғыл әрекет ету туралы нотификациялау нұсқаулығы» фитосанитариялық шаралар жөніндегі халықаралық стандарттың ережесіне сәйкес (Рим, 2002), Түрікменстанның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік қызметінің атына карантиндік фитосанитариялық талаптардың бұзылуы туралы нотификациялар жіберілді.

Көрші республиканың уәкілетті органдарының экспортталатын өнімде вирустың пайда болу себептерін тексеру туралы объективті деректерінің болмауына байланысты және Қазақстан аумағындағы карантиндік фитосанитариялық ахуалды ушықтырып алмау мақсатында Комитет 2021 жылдың 7-маусымнан бастап Түрікменстаннан қызанақ пен бұрыш әкелуге уақытша тыйым салды.

Жалпы, өсімдіктер карантині саласында жыл басынан бері Қазақстан Республикасының аумағына карантинге жатқызылған өнімді әкелуге қатысты 1300-ден астам заң бұзушылық анықталды. Карантиндік фитосанитариялық талаптарды бұзып, карантинге жатқызылған 11 мың тонна өнімді жеткізбек болғандардың жолы кесілді. Қазақстанға жеткізілетін өнімнен карантиндік объектілер табылған 155 жағдай тіркелді.  Тәртіп бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 56 млн теңгеден асатам сомада айыппұл төледі.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкент: «Жастар практикасы» – жұмыс табудың мүмкіндігі

Next Post

Жемқорлықтың алдын алу - басты мақсат

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі