13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 170 млн ағаш көшеті отырғызылады

9 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында 170 млн ағаш көшеті отырғызылады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында 2021-2025 жылдар аралығында 110 210 гектар аумаққа 170 млн ағаш көшеті отырғызылады. Қазірдің өзінде «Жасыл белдеудің» аумағы 13 мың гектардан асты. Жыл соңына дейін 20 мың гектарға жеткізу жоспарланған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев мәлімдеді.

Оның сөзінше, айтылған межені орындау үшін облыс әкімдігі мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бірлесіп кешенді жоспар қабылдаған.

«Мемлекет басшысы өзінің халыққа арнаған Жолдауында еліміздің орман қорына 2 млрд түрлі ағаш көшеттерін отырғызу жөнінде тапсырма бергені баршаға мәлім. Осы міндетті орындау үшін өңірімізде тиісті жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылып келеді. Алдағы уақытта жылына 35-40 млн түп ағаш көшетін өндіріп, белгіленген аумаққа отырғызылады», – деді Қ.Амангелдіұлы.

Басқарма басшысы Түркістан қаласы қатаң экологиялық аймаққа жататынын айта келе көшеттердің өніп кетуі біршама қиындықтар тудырып жатқанын жасырмады. Дегенмен, жас көшеттерді дер кезінде күтіп баптау жұмыстарының арқасында ағаштардың өнімділігі 65-70 пайызға жеткен. Орманды молайту және орман өсіру саласындағы жұмыстарды жүйелі түрде орындау үшін штаттық бірліктер мен техникалар алынған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шардаралық диқандар бақша өнімдерін экспорттауды бастады

Next Post

Шымкент: «Жастар практикасы» – жұмыс табудың мүмкіндігі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі